2018 жылдың 23-29 сәуір аралығында кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне, Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған "Еңселі орда, асқақтаған Астана" атты кітап фестивалі өтеді.

Фестивальдің ашылуы 23 сәуір күні сағат 11.00-де кітапхананың алаңында өтеді. Фестивальға жоғары оқу орындары, колледждердің оқытушылары, жергілікті ақын-жазушылар, "Поиск" театралды студиясы, Сән колледжінің "Дебют" театры, т.б. қатысады деп жоспарлануда.

Фестиваль бағдарламасы:

 23 сәуір

11.00    "Ой сұлулығы"- Астананың 20-жылдығына арналған кітап көрсетілімі

11.00     Ашыңдар! Оқу сәнді! Бәрі оқиды! - театралды көрсетілім

11.00    "Кітап әлемді шарлайды" - "Жыл кітабы - 2018" акциясы, дайджест-шолуы

11.00   "Қазыбек би" виртуалды энциклопедиясының және "Әдеби атлас" электронды нұсқағышының тұсаукесері.

14.00   "Шоқтығы биік – Шәкәрім" - Ш.Құдайбердіұлының ("Бір ел – бір кітап" акциясы бойынша) шығармашылығына арналған кеш

15.30     "Таланттан туған тармақтар" -  жергілікті жас ақын-жазушыларымен кездесу

 24 сәуір

14.00     "Ақылдылық пен ерлік" дастаны "Үміт үзгім келмейді" Н. Келімбетов. Оқу-пікірталас

15.00     "Мен өмірді қуаныш пен қайғыда ажыраттым" "Ұшқан ұя" Б. Момышұлы ("Бір ел – бір кітап" акциясы) танымдық кеш

26 сәуір

15.00    "Тарлан ашқан талант" Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, публицист, аудармашы Марал Хасенді еске алу кеші

16.30    "Астана - бейбітшілік қаласы. Astana city of the world" - дөңгелек үстел

27 сәуір

11.00     "Әлемнің жарығы – кітапта!" - әдеби-өлкетану квесті

12.00     "Астана – Тәуелсіз Қазақстанның нышаны" - кітап көрмесінің таныстырылымы

 29 сәуір

10.00     "Мерейтойлық кітаптар" - сұрақ-жауап, ойындар, суреттер

11.00      "Ел жүрегі - Астана" - ақындар мұнарасы