"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасы және Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында кітапханада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдық мерейтойына арналған "Тұрсынбек Кәкішев мұрасы және рухани жаңғыру идеясы" атты филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Смағұловпен кездесу өтеді.

Тұрсынбек Кәкішев қазақ әдеби сынының даму жолдары, жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің, оның көрнекті өкілдерінің шығармашылықтары хақында ғылыми ізденістер жасап, өнімді еңбек еткен көрнекті қайраткер, Сәкентанушы. "Сәкен Сейфуллин", "Қызыл сұңқар", "Сәкен және Гүлбаһрам", "Сәкеннің соты", "Тар жол, тайғақ кешудің тағдыры", "Сәкен сүйген сұлулар", "Мағжан-Сәкен", "Сәкен аялаған арулар" "Сын сапары" атты кітаптары жарық көрген. "Қазақ әдебиеті сынының тарихы" монографияларын жазды. "Оңаша отау", "Үштасқан үш өзенмен", "Жол үстінде 80 күн", "Садақ", "Жасампаз өлке", "Кер заманның кереғар ойлары" т.б. кітаптардың авторы.

Кездесуде айтылар ой, берілетін ақпараттар  кейінгі жастарымызға яғни,  әдебиет саласына деген қызығушылықтары бар жастар үшін маңызды болмақ.

Келіңіздер! Қатысыңыздар!

Әдеби шара 2017 жылдың 19 қыркүйек күні сағат 12.00-де кітапхананың конференц залында өтеді.