Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_shahanov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_shahanov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қазыналы Қарағандыға ат басын тіреген арда тұлғалар қасиетті қара шаңыраққа соқпай кетпейді. Бұл жолы кітапханамыз Алаштың аспантау ақыны, ұлт жанашыры – Мұхтар Шахановты құрметті қонақ етіп, оқырмандармен кездесу кешін ұйымдастырды.

"Тағылым" танымдық-интеллектуалды клубының аясында өткен кездесуді айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов тізгіндеді. Жиналған жұртпен амандасып алған соң, алпауыт ақынға сөз берілді. Әдебиет жайлы өрбіген әңгімені оқырман қауым қызыға тыңдады. Ұлт болмысы, тіл тағдыры да назардан тыс қалған жоқ. Кеш барысында қаламызда өткен "Тұлға" халықаралық байқау-фестивалінде бас жүлдені қанжығасына байлаған Аяжан Таласбаева сахна төріне шақырылып, ақынның өлмес өлеңін оқып берді.

{gallery}material/news/2017_shahanov{/gallery}

"Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері Е.Әмірғазы, Б.Ерман, Ж.Байбуланова, Е.Нарынов та ақын ағаларының алдында өз туындыларын паш етті. 

Кеш соңында жиналған қауым ұлттың ұлы тұлғасымен суретке түсіп, кітаптарына қолтаңба алуға асықты.