Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_expo is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_expo is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

5 сәуір күні кітапханамызда "EXPO-2017. Қарағанды бренді: дәстүрден жаңашылдыққа" атты кеш-презентациясы болып өтті. Кеш қатысушылары елімізде өтетін Халықаралық мамандандырылған көрмеде Қарағанды облысы атынан ұсынылатын жобалармен танысты.

EXPO-2017 көрмесінің ашылуына да санаулы күндер қалды. Көрмеге әлемнің 100-ден аса елдерінен ғалымдар, қоғам қайраткерлері, бизнесмендер мен саясаткерлер келеді. Бұл іс-шара тәжірибе барысында елімізге үлкен пайда әкелмек. ЭКСПО павильондарында ғылым мен техника аумағындағы жобалар ұсынылады. Соның арасында қарағандылық зерттеуші-ғалымдардың да жобалары ұсынылмақ.

Кеш, EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуіне Қарағанды облысының қосар үлесін білу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға Қарағандының ЖОО-нан ғылыми қызметкерлер: Мехтиев А.Д. (ҚарМТУ), Гученко С.А. және Ескендіров А.Н. (ҚарМУ) қатысып, кеш қатысушыларын өз жобаларымен таныстырды. Таныстырылым барысында қатысушылар, тұрмыс техникадағы энергияны сақтау технологиясы және жусаннан жасалған отынның жаңа буынын шығару әдістері туралы ақпарат алды.

{gallery}material/news/2017_expo{/gallery}

"NOMADIC Travel Kazakhstan" және "ПАВЛИН-ТУР" туристік компанияларының өкілдері ұйымдастырған, Қарағанды және Қарағанды облыстарына жүргізілетін туристік бағыттар туралы презентация қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Кешті Теміртау өлкетану мұражайының экспозициялары әрледі. Мұражайдың экскурсия жетекшісі Хмелева Т.В. әр жылдары өткізілгенХалқаралық көрмелерде ұсынылған кейбір экспонаттармен таныстырып, олардың шығу тарихын айтып өтті.

Кеш аясында "EXPO-2017: дамудың жаңа көкжиегі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде: Халықаралық көрменің тарихы, баламалы энергия көздері, инновациялық технология, жасыл экономика және Қазақстанның экологиялық дамуы туралы ақпарат беретін материалдар ұсынылды.

Кітапхана ұжымы барлық кеш қонақтарына, сондай-ақ, Қарағанды қаласының білім бөліміне, Қарағанды көлік-технологиялық колледжіне, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжіне кешімізге ат салысып, қатысқаны үшін алғыс білдіреді.