Құрметті мектеп мұғалімдері! Назар аударыңыздар!

2018 жылға арналған мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған Teaching Excellence and Achievement Program (TEA) бағдарламасының ашылуы туралы хабардар етеміз.

TEA бағдарламасы аясында, мектеп мұғалімдері өз пәндері бойынша білімдерін жетілдіріп, Америка Құрама Штаттары жайлы білімін тереңдету мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама күрделілік деңгейі жоғары оқу орны немесе магистратура бағдарламасына сәйкес келеді.

Бағдарлама жеңімпаздары алты апталық біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша АҚШ-тың университеттеріне оқуға барады. Белсенді түрде қарым-қатынас жасау мақсатында Америка оқытушылармен жұптасып, АҚШ мектептерінде 40 сағаттық тәжірибеден өтеді. Бағдарлама барысында қатысушыларға АҚШ-тың мәдениет ескерткіштеріне арнайы іссапар ұйымдастырылады.

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген әрбір талапкер:

  • -Қазақстан Республикасының азаматы және резиденті болуы тиіс;
  • -Бакалавр дәрежесі болуы шарт (жоғары білім);
  • -Ағылшын тілі, математика, ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, немесе арнайы білім беру бойынша жұмыс істейтін, бес жылдық (немесе одан жоғары) тәжірибесі бар мектеп мұғалімі болуы тиіс.
  • -Ағылшын тілін жетік біліп, TOEFL iBT тестінің 120 баллының кем дегенде 46 баллын алуы тиіс.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 15 сәуір 2017 жыл.  

Сауалнаманы толтыру жөніндегі нұсқаулықты келесі сілтеме арқылы таба аласыз:

https://oas.irex.org/tea/Logon?ReturnUrl=%2ftea

Бағдарлама жайлы толық ақпаратты  Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен Консул сайтынан оқи аласыз: https://kz.usembassy.gov/kk/