Құрметті достар!

Біз музыкалық аспаптардан шыққан әуенді әрқайсымыз әртүрлі естіп қабылдайтынымыз жайлы ойланып көрдіңіз бе? Көңілді, нәзік, ритмикалық, лирикалық және мазасыз, тіпті жан үркітетін әуендердің өзіде аспапта ойналған музыкадан туындауы мүмкін.

Қазақтың ұлттық қыл ішекті музыкалық аспабы – қобыз. Қобыздың да өзіндік ырғақты екпіні бар. Қазірде қобыздың құдіретті үні құлақтан кіріп жаныңды баурайды.

Құрметті достар, біз сіздерді әсем әуенді қобыз әлемінен музыкалық әсер алу үшін

"Қобыз үні жүрегімді тербеген"

атты қазақтың ұлттық аспаптарына арналған шығармашылық кешімізге шақырамыз.

Кеш 5 сәуір күні сағат 11.00 де кітапханамыздың конференция залында өтеді.

Келіңіздер! Көріңіздер! Керемет кештің куәсі болыңыздар!