01.01.2019 жылға кітапхана қоры әртүрлі материалдық тасымалдағыштағы 438613 дана құжатты құрады (жоспар бойынша 424 000), оның ішінде мемлекеттік тілде 71923 дана (16,3%), орыс тілінде 357524 дана, басқа тілдерде - 9166 дана.

  • Кітаптар – 409806 дана (93,4%)
  • Мерзімді басылымдар – 27364 дана (6,3%)
  • Электронды басылымдар - 1443 дана (0,3%)
  • Аудиовизуалды құжаттар -2400 (0,5%)

Есепті кезеңде 8671 құжат келіп түсті, оның ішінде мемелкеттік тілде – 2660 дана. Қазақстандық мазмұндағы жаңа түсімдер есеп беру жылында 45,5% құрады.
Жалпы қорды жаңарту бойынша көрсеткіш 1%-ға жетті.
Кітап қорын толықтырудың негізгі көзі:

  • Облыстық бюджет – 19654,0 мың теңге
  • Мемлекеттік тапсырыс – 2252,9 мың тенге
  • Сыйға тартқан кітаптар – 580,7 мың теңге
  • Міндетті дана – 10,4 мың теңге
  • Диссертация авторефераттары – бағасыз.

Есепті жылы қорды толықтырудың негізгі көзі бюджеттік қаржыландыру болып табылды (жалпы түсімнің 84%-ы). Толықтыру 2018 жылы ҚР "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңына сәйкес, облыстық бюджет қаражатынан, атап айтқанда веб-порталдағы баға ұсыныстарына байқау өткізу түрінде жүзеге асырылды.
Бюджеттік қаражатқа баға ұсыныстары әдісімен 14999692,49 теңге сомасына 6083 дана, оның ішінде 3933028,6 теңге көлемінде мемлекеттік тілдегі 1441 дана әдебиет сатып алынды. Оның ішінде 6009946,59 теңгеге 2218 данадағы әдебиеттер қазақстандық мазмұндағы, яғни қазақстандық баспалардың өнімі болып есептеледі.

Есепті жылы кітапхана қорын мемлекеттік тапсырыс бойынша әдебиетпен толықтыру өз жалғасын тапты. Жалпы түсімнің 12% құраған, 2252924,75 теңге көлемінде 862 дана әдебиет, оның ішінде 756 дана (1793595,91 теңге) мемлекеттік тілде.

Есепті жылы облыстық бюджеттен қаржыландырудың елеулі сомасы есебінен – өткен жылдармен салыстырғанда 15 млн. теңгені ағымдағы кітап толықтырумен лайықты игерді, соңғы 2 жылда жарыққа шыққан жаңа басылымдар сатып алынды, оқырмандар талап еткен жетіспейтін құжаттардың даналарымен толықтыру жүзеге асты, сондай-ақ, ретроспективті толықтыру бойынша басылымдар сатып алынды, 2015-2016 жылдары бюджеттік қаржыландыру болмаған кезеңде қордың кейбір бөлімдерінде жетіспейтін құжаттар толықтырылды. Сатып алынған салалық және көркем әдебиет жанр бойынша әртүрлі, тақырып бойынша қызықты және өзекті болып келеді. Мұның қазақстандық әдебиетке де, орыс тіліндегі әдебиетке де қатысы бар.

Бюджеттік қаржыға сатып алынған кейбір басылымдарды атасақ:

- Аджи, М. Сага о Великой Степи [Текст] : [научное издание] : [12+] / М. Аджи. - Москва : АСТ, 2016;

- Астана ЭКСПО-2017: болашақ энергиясы [Мәтін] = Астана ЭКСПО-2017: энергия будущего = Astana EXPO-2017: future energy : мемлекеттік кітап / Caspian World Communications Limited, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің қолдауымен дайындалды ; ред. Э. Агамалов ; жоба авт. М. Эльдаров. - Астана : [б. ж.], 2017;

- Гатапов, А. Чингисхан. Тэмуджин: рождение вождя [Текст] : [роман в 2-х кн.] : [16+] / А. Гатапов. - Москва : АСТ, 2017;

- Дүниежүзілік көрмелер тарихы [Мәтін] :  EXPO - 2017 ASTANA : 1851-2017 = История всемирных выставок: 1851-2017 : Астана ЭКСПО-2017 / жоба авт. Б. Барысбеков ; ауд.: Б. Мұқанова, Ж. Оразымбет. - Астана : CAPro, 2017;

Тарихи-көркемдік мағынасында және құны өлшемімен (78664 тг.) қымбат деп саналатын есептік жылда сатып алынған кітаптарды бірі - "Грамматика арабского языка" - ОӘҒК-нің қорындағы алғашқы қолжазба. Толықтыру бойынша Кеңес отырысында осы қолжазбаны сатып алу шешімі шығарылды. "М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" РМҚМ (Алматы)"Қолжазба және текстология"" ғылыми-инновациялық бөлімінің қызметкерлерінен құралған комиссиямен жүргізген сараптамасы аталмыш еңбек ежелгі дәуірдің зерттеу еңбегінің ғажап үлгісі болатын құнды қолжазба екендігін растайды. -  аль-Джами, Абдурахман (поэт, ученый, грамматик араб. языка ; 1414-1492). Грамматика арабского языка [Рукопись] : [комментарий для книги "Полезности для анализа книги "Кафия" : на араб. яз.] = ал-Фау’ид ад-Дийаийа" : [комментарий для книги " Фауа’ид ал-уафийа фи мушкилат ал-кафийа" ("Кафия")] / А. аль-Джами ; переписана А. Батами. - [S. l. : s. n.], 1491. - 462 б. ; (19,5 х 12) см. - (в пер.).

Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің оқытушыларынан құралған қарағандылық авторлардың 12 данада жарық көрген "Серии технических наук и технологий" = "Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы" кітаптар топтамасы, мысалы:   

 - Ғазалиев, А. М. Жалпы металлургия [Мәтін] : оқулық / А. М. Ғазалиев, В. В. Егоров, Д. Қ. Исин ; ред. А. М. Ғазалиев ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Алматы : Білім, 2010. - (Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы);

- Металдар және қорытпалар өндірудің теориясы мен технологиясы [Мәтін] : оқулық / А. М. Ғазалиев [және т. б.] ; ред. А. М. Ғазалиев ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Қарағанды : ҚарМТУ, 2012. - (Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы).

29 данада Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нен шыққан электронды оқулықтар топтамасы, мысалы:

- Жуынтаева З. Н., Турсынова М. А. Қазақ тілі тарихын дәуірлеу мәселелері : электрондық оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды, 2017;

- Рахимов Б. С. Қазақ халық ауыз әдебиеті : электрондық оқу құралы. – Қарағанды, 2017;

- Тыкежанова Г.М. Биогеохимия және экотоксикология : электрондық оқу құралы. – Қарағанды, 2018;

- Шаекина Ж. М., Тлеубердинова А. Т., Салауатова Д.М. Культурно-исторические центры Казахстана : электронный учебник. – Караганда, 2017.

Кейінгі 8 жыл бойы өнер туралы әдебиеттер және халықаралық кітаптар бөлімдерінің қорына жаңа кітаптар ауық-ауық түсіп отырды. Есептік жылда бұл бөлімдерге жаңа кітаптардың айтарлықтай топтамасы келесідей бағыттарда және тақырыптарда сатып алынды: өнер туралы әдебиеттер бөліміне – ноталар, өзіндік оқыту, музыка, би, жалпы өнер бойынша анықтама; халықаралық әдебиеттер бөліміне – көптілді сөздіктер, оқулықтар мен оқу құралдары, аударма лингводидактикасы бойынша монографиялар, мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы, лингвомәдениеттану, орыс, ағылшын, қытай, итальян, латын, француз тілдерінің грамматикасы және т. б. Мысалы:

- Абызова, Л. И. История хореографического искусства. Отечественный балет XX - начала XXI века  [Текст] : учеб. пособие / Л. И. Абызова ; авт. предисл.: Н. Цискаридзе, Л. И. Абызова. - 2-е изд., испр. и доп. - Санкт-Петербург : Композитор • Санкт-Петербург, 2017;

- Великович, Э. И. Великие музыкальные имена [Текст] : биографии. Материалы и документы. Рассказы о композиторах / Э. И. Великович. - Санкт-Петербург : Композитор • Санкт-Петербург, 2018;

- XXI  век современные мелодии и ритмы [Текст] = The 21st Centuru modern melodies and rhythms : фортепиано в 4 руки, 2 фортепиано : учебное пособие / сост. Г. А. Мамон. - Санкт-Петербург : Композитор • Санкт-Петербург, 2017;

- Лихачев, Ю. Я. Программа по домре [Текст] : современная развивающая методика обучения / Ю. Я. Лихачев. - Санкт-Петербург : Композитор • Санкт-Петербург, 2017;

- Привалов, С. Б. Зарубежная музыкальная литература [Текст] : эпоха романтизма : учебник для ст. кл. ДМШ, колледжей и лицеев / С. Б. Привалов. - Санкт-Петербург : Композитор • Санкт-Петербург, 2018;

- Абильдинова, Ж. Б. Этнические стереотипы сквозь призму языка [Текст] : монография / Ж. Б. Абильдинова. - 3-е изд., стер. - Москва : Флинта, 2018;

- Багана, Ж.   Основы теории межкультурной коммуникации [Текст] : учеб. пособие / Ж. Багана, Н. И. Дзенс, Ю. Н. Мельникова. - 3-е изд., стер. - Москва : Флинта, 2018;

- Гребенщикова, А. В. Основы квантитативной лингвистики и новых информационных технологий [Текст] : учебное пособие / А. В. Гребенщикова. - 3-е изд., стер. - Москва : Флинта, 2018;

- Художественный перевод как вид межкультурной коммуникации (основы теории) [Текст] : монография / Р. Р. Чайковский [и др.]. - 4-е изд., стер. - Москва : Флинта, 2018.

Есепті жылы соңғы 5 жылдармен салыстырғанда саны мен жанрлары бойынша едәуір көркем әдебиет топтамасы алынды. Көркем әдебиет өнер түрі ретінде жазылған сөздің көмегімен қоғам санасын, оның мәнін, көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді және жинақталған тәжірибені келесі ұрпаққа жеткізуге арналған. Сол себептен де оқырманның көркем әдебиетке деген, әсіресе жаңа кітаптарға сұранысы жоғары. Көпшілікке қызмет ету бөлімдері көркем әдебиеттің, әсіресе жаңа кітаптардың жетіспеушілігін әрдайым  сезінді. Оқырман әдебиетті жасына, әлеуметтік жағдайына, эмоциялық және адамгершілік қасиеттеріне сүйене отырып, субъективті қабылдайтындықтан кітапхана қорына түскен кітаптар оқырманның әр түрлі талаптарына сай. Ең алдымен, бұл атақты, сондай-ақ отандық жас және шетел авторларымен жазылған классика, бұл қазіргі заман прозасы мен поэзиясы, бұл тарихи шығармалар, бұл фантастика мен фэнтези, бұл детективтер мен триллерлер болып табылады.

ОӘҒК балалар мен жасөспірімдерге де кітапханалық қызметтерді көрсететіндіктен осы жас категориясына арналған кітап топтамаларын да сатып алды. Бұл кітаптар ғылым мен білімнің әр түрлі салалары бойынша "Алматыкітап" және "Фолиант" баспасында шығарылды.

 Мемлекеттік тапсырыс бойынша басылымдар – бұл қоғамдық-саяси және көркем әдебиет, көбінесе Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" республикалық бюджеттік бағдарламасының "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату" кіші бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан көптомды, сериялық басылымдары.

Өтеусіз негізде, сыйға келесі ұйымдар мен мекемелерден басылымдар алынды:

Қазақстан Республикасының Парламенті, м-ы:

-          Материалы выездного расширенного заседания Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента в Восточно-Казахстанской области по вопросам обсуждения поправок в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях, в рамках исполнения поручения Главы государства, данного на открытии третьей сессии Парламента шестого созыва [Текст] :  Усть-Каменогорск, 29 сентября 2017 г. - [Алматы] : [б. и.]  , 2017.

Қарағанды облысының әкімшілігі:

-          Ғасырлар даналығы - бабалар мұрасында [Мәтін] = В наследии предков - мудрость веков = Legacy of ancestors is the wisdom of ages : [кітап-фотоальбом] / ред. Е. Ж. Қошанов ; құраст. С. О. Оспанова [т. б.]. - Астана : Деловой мир Астана, 2017.

Қарағанды обьлысының Маслихаты 11 атаудағы кітап топтамасын сыйға тартты, м-ы:

-          Қарқаралы. 2017 жыл.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 13 атаудағы кітап топтамасын тапсырды, м-ы;

-          Туған жер - тұғырың [Мәтін] : фотоальбом / құраст. С. Арынғазин. - Алматы : Кремет Медиа, 2017. - 238 б. - (Рухани жаңғыру).

Қарағанды облысының тілдерді дамыту бойынша басқармасы:

-          Аршабек, Т. Арқаның Әсет ақыны [Мәтін] / Т. Аршабек ; Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Арқа мұрасы ғылыми-зерттеу орталығы. - Қарағанды : TENGRI LTD, 2017.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 4 атаудағы кітап топтамасын сыйға тартты, м-ы:

-          Общественные советы в Казахстане.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясы 3 атаудағы кітапты тапсырды, м-ы;:

-          Прогнозирование развития криминальной ситуации в Республике Казахстан [Текст] : монография / Генеральная прокуратура Республики Казахстан, Академия правоохранительных органов ; под. ред. Н. Р. Ахметзакирова. - Астана : [б. и.], 2017.

"Сакралды Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығы:

-  Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары [Мәтін] = Сакральные объекты Казахстана общенационального значения = The Kazakhstan sacred objects of whole national importance : [жинақ] / Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, "Туған жер" қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі" қоғамдық бірлестігі ; жауапты ред. Б. Әбдіғалиұлы ; ред. А. Кемелбаева. - Астана : Фолиант, 2017. - 483 б. : сурет. - (Рухани жаңғыру).

"Педагогика ғылымдарының Академиясы" ҚҰ 4 кітап атауын тапсырды, м-ы:

-          Құсайынов, А. Қ.Қазақ этнографиясының 6 тілді қысқаша сөздігі [Мәтін] = Краткий казахский этнографический словарь на 6 языках = A Concise 6-Language Kazakh Ethnographic Dictionary = 6 Dilli kisa Kazak Halkbilimi Sȫzlȕğȕ : [сөздік] / А. Қ. Құсайынов, Ә. Жүнісбек, М. Х. Жақыпов ; Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы. - Алматы : ROND&A, 2017.

Қарағанды облысының оқыту-әдістемелік дамыту орталығы және Қарағанды облысының Білім басқармасы:

-          Қарағанды облысының ұлағатты ұстаздары [Мәтін] = Лучшие педагоги Карагандинской области : тарихи-танымдық энциклопедия / ред. А. Қ. Аймағамбетов. - Карағанды : Форма Плюс, 2017.

Басылымдар шет елден жеткізілді,м-ы:

Ресей Федерациясынан:

      Еуразиялық Даму банкі, м-ы:

-          Еуразиялық экономикалық одағы.

Национальный исследовательский институт мировой экономики и международных отношений им.Е.М.Примакова Российской Академии Наук:

- Год Планеты. Вып.2017.

Канададан:

      Шевченко музейі:

-  Kobzar.Poetry of Taras Shevchenko in Ukrainian, English and French.