Ақпаратқа еркін қол жеткізу оның ішінде өлкетану туралы қазіргі заман кітапханалары жұмысындағы басты принцип: кітапханада өлкетану ресурстарына қол жеткізу жолдары (күнделікті қызмет көрсетуден басқа) әдеттегідей баспалар түрі, кітапхананың электронды басылымы және электронды каталог арқылы өлкетану ресурстарына қол жеткізу.

Кітапхананың басты мақсаты – өлкетану қорындағы құжаттарды пайдалану барысында сақтау. Бұл жағдайда құжаттарды цифрлау және қашықтықтан пайдаланудың пайдасы көп. Өлкетану жұмысын болашақта дамыту Н.В.Гоголь ОӘҒК-ның 2017 жылға дейінгі Концепциясында нақтыландырылған.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК өлкетану ресурстары кеңінен берілген: веб-сайтта, "Сарыарқа" электрондық кітапханасында, электронды каталогтағы өлкетану сегменті, электронды библиографиялық көрсеткіш, компакт-диск.

Өлкетану туралы толық мәтінді, басты ақпарат – «Сарыарқа» электронды кітапханасы, мұнда өлкетану туралы құнды кітап репертуарларында мерзімді баспалар материалдарына қол жеткізуге болады. Электронды кітапхана құру жобасы 2002 жылы басталған. Осы уақыттан бері 15 мыңнан астам құжат цифрланды,  оның 170 – кітаптар. Кітаптардың бір бөлігі – ҚазҰЭК порталына орналастырылды. Қазіргі кезде жергілікті авторлармен кітапхана арасында жасалған келісімшарт негізінде жергілікті авторлар кітаптарын цифрлау жұмыстары белсенді жүргізілуде.