Қазақ атты қасиетті де киелі халықтың қарапайым қызы Әмина апайдың жүріп өткен өмір жолы – ұлағатты да ұлық, орамды да орайлы нұрлы жол.

Асанәлі Әшімов

Құрметті өнерсүйер оқырман!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің құнды мұрасына айналған, еліміздің мәдени өмірінде елеулі орны бар өнер қайраткері туралы оқырман қауымға жеткізудің сәті түсіп тұр. Наргиз Асанжанованың «Халық перзенті» атты сериясымен жарық көрген  Қазақ КСР-інің халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Отан, Еңбек Қызыл ту ордендерінің иегері, аса көрнекті актриса Әмина Өмірзақованың өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған туындысының айтары көп.      

Фотоальбомдағы театр және кино мұрағаттарынан, актрисаның өзінің отбасылық мұрағаты мен ұрпақтарынан жинақталып, сұрыпталып алынған фотосуреттерден майталман шебердің өміріндегі айтулы тарихи сәттері, белгі-кезеңдері айқын көрініс тапқан.      

Толығырақ...

Биыл 2019 жылы актер, режиссер, КСРО және ҚазКСР халық артисі, кинорежиссер Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 105 жыл (1914-1970 жж.) Шәкен Айманов қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері. Ол ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнады. Қазақ халқы осынау ардақты ұлымен мәңгі мақтана береді. Қазақ киносындағы ұлттық режиссураның дамуына өлшеусіз үлес қосқан төрт классиктің бірі. Шәкен Айманов есімі бәрінен бұрын қазақ киносы тарихында тұңғыш рет ұлттық киноны түсірген адам ретінде және оны барынша биікке көтерген талант ретінде ел жадында мәңгілік сақталған.

Толығырақ...

Құрметті абзал оқырман!

Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 115 жыл (1904-1973 жж.).

Толығырақ...

"Оқиға мен уақыт кеңістігіндегі өнер" - күнтізбеден маңызды күндерді парақтаймыз.

27 мамыр - режиссер, театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразбеков Әлімбек 60 жаста (1958 ж.)        

Оразбеков Әлімбек Тоқтарұлы 1958 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында туған.

Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін 1972 жылы және Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының режиссерлік факультетін 1992 жылы бітірген.

Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері. "Бір түп алма ағашы" пьесасының, А.Құнанбаев "Қорғансыздық" әңгімесінің, Ш. Айтматов "Плаха" романының инсцеровкаларының, С.Лобозеров "Жындыханадан келген мейман", "Сенім" пьесалары аудармасының, театр жайлы мақалалар циклының авторы. 1975 жылдан – Талдықорған облыстық қазақ драма театрының актері, 1992 жылдан – режиссері. 1994 жылдан – С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының бас режиссері, 2002 жылдан – көркемдік жетекшісі. 2009 жылдан бері – Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық – драма театрының қоюшы режиссері. 1976 жылдан Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Қарағанды облысы әкімінің "Жыл режиссері" номинациясы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Толығырақ...

15 сәуір кино және театр актрисасы, Қазақстанның халық артисі Роза Әшірбекова 80 жаста (1938 ж.)

Роза Әшірбекова – 1938 жылы 15 сәуірде Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданына қарасты Казгородок елді мекенінде дүниеге келген. Актриса, Қазақстанның халық артисі. 1991 жылы Қазақ академиялық драма театры жанындағы студияны Ә. Мәмбетов, пен Н. Жантөриннің жетекшілігімен бітірген. 1960 жылдан бастап Қазақ балалар және жасөспірімдер театрында қызмет атқарған.

Толығырақ...

Ішкі категориялар