Ұлытау  ОКЖ

Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 17 кітапхана болса,оның ішінде 4 кітапхана «Үлгілі кітапхана» статусын 2004 жылы алып, бүгінгі күнде оқырмандарға талапқа сай қызмет көрсетуде.

Аудандағы үлгілі кітапханалар:

  • 1. Ұлытау аудандық үлгілі кітапханасы
  • 2. Жезді кенттік үлгілі кітапханасы
  • 3. Амангелді ауылдық үлгілі кітапхансы
  • 4. Алғабас ауылдық кітапханасы

Аудандағы барлық үлгілі кітапханалардың бақылау көрсеткіштері:

  • - Оқырман саны      4827
  • - Келушілер саны    23610
  • - Кітап берілімі       78497
  • - Кітап қоры             109511
  • - Оның ішінде қазақшасы    56047
  • - Былтырғы жылы үлгілі кітапханалар        1044716  теңгеге    973 дана кітаппен кітап қоры толықтырылды.
  • - Оның ішінде қазақшасы -  700    дана
  • - Электронды қызмет көрсетуді пайдаланушылар
  • - Электронды басылымдар қоры    үлгілі кітапханаларда 25 дананы құрайды
  • - Аудандық бюджеттен бөлінген     330420         теңге қаржыға – дана мерзімді басылымға жазылып әр үлгілі     кітапхана 40-50 түрлі газет-журналдар алып оқырман сұранысын қанағаттандырып отыр.

Аудандық аталған 4 үлгілі кітапханаларда қызығушылық клубтар жұмыстар атқаруда. Ұраны: « Туған жердің топырағын тұмар ет,- Туған елді өнеріңе құмар ет» Басты мақсаты оқырмандарды, жастарды білімге, отансүйгіштікке, туған өлкесін сүюге, бабалар тарихын білуге тәрбиелей отырып кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Аудандық кітапханада    «Заман-ай», «Тұлпар» клубтары жұмыстар атқаруда, Амангелді ауылдық кітапханасында  «Атамекен», Жезді кенттік кітапханасында «Өлкетану», Алғабас ауылдық кітапханасында «Арай» клубтар жұмыс істеп тұр.  Оқырмандар арасында жас ақындардың өлеңдерін жарыққа шығару. Ауылдық үлгілі кітапханалар «Ауылым алтын бесігім» энциклопедиясын толықтырылып баспадан шықты.

Аудандық кітапханалардың жылдық жоспары бойынша атқарған іс-шарасы:

1. Елбасының жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша, «Жезді хикаясы», «Ұлытау ауданы өмірінен», «Жерлес тұлғалар»,  «Жерлес тұлғалар», «Жерлес ақындар», Жезді кен басқармасын ширек ғасырдан артық басқарған, Әбдірахман Тоқытыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жезді жерін жаңартқан» тақырыптық папкалар жасалынып әрі қарай толықтырып, кітап көрмелері және әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

2. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Атадан  қалған ақсауыт», «Асыл мұра-асыл қазына»,  «Ескерткіштер сыр шертеді», - тарихи жерлерге саяхат.

3. «Әдеби  жәдігерлер », «Мәдени мұра»,-топтама кітаптары бойынша тұсаукесер ұйымдастырылды.

4. Оқырмандар арасында «Алтын формуляр», «Үздік оқырман» атты сайыстар өткізілді.

5. Оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында акциялар ұйымдастырылды: «Мен оқимын, сен оқисың, олар оқиды», «Жаңа заман технологиясы» оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету.

6. «Ұлытауда болған ұлылар»-әңгіме сағаты, «Ескерткіштер ел тарихы» көрме экспозиция өткізілді. «Жазықсыз жапа шеккендер» репрессия құрбаны А.Шәлтіков туралы дөңгелек үстел, өлкетанушы,еңбек, соғыс ардагері Мәкен Төрегелдин туған 90 жылдығына «Аңызға айналған аңыз адам» атты кітап көрмесі жасалынып «Тарихтың өзіндей болып сыр  шерткен» атты кездесу кеші, жергілікті ақын қаламгер Болат Даулетияловтың туғанына 60 жыл толуына орай «Жүрегі өлеңмен жаралған» атты әдістемелік нұсқаулар шығып кітапшалар шығарылды. «Едіге батыр» ашық сөре, «Ауылымыздың ардақты тұлғалары» кездесу кеші өткізілді.

7. Үлгілі кітапхананың үшеуінде интернет жүйесіне қосылған және «ҚР Президенті жанындағы Адам құқығын қорғау» цифрлы кітапханасы, СИН, «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» бойынша электрондық оқулықтарды пайдаланушылар есебін алу мақсатында «Қолданушыларды есепке алу» журналы жүргізіліп оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді.

Кітапханамыздағы инновациялық жұмыстар стратегиялық жоспар,инновациялық жоба, жаңа бағдарламалардан тұрады. Аудандық кітапханада «Ақындық айтыс-ардақты дәстүр», «Ақын Тайжан», «Ұлытау-қазақтың қасиетті ордасы», «Неткен сұлу туған өлкем», «Қарсақбай мыс қорыту зауытына 85 жыл», «Атамұра» атты  туған жеріміздің тарихына,еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында жарнамалық буклеттер, кітапшалар, хабарландырулар, газеттік мақалалар сілтемелер арқылы шығарылды. 

«Сатпаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» 2013 жылдың 25 қазанында Баубек Бұлқышев шығармаларын мәнерлеп оқушылардың ІІ – ші аймақтық байқауын өткізді. Оған біздің кітапхананың белсенді оқырманы 10 сынып оқушысы Құсайын Гауһар қатысып алғыс хатпен марапатталып, ұялы телефон сыйға алды. Қазақстан Республикасының төл мерекесі, атаулы күндерге арналған іс-шаралар міндетті түрде ұйымдастырылып, слайд көрсетілімдер жасалынып, түрлі мәдени шаралар өткізілді. «Наурыз- бірлік, достық», «Ұмытылмас күндер», «Ата- баба  дәстүрінен қуат алған ерлік», «Дінін қастерлеу-әр мұсылманның міндеті», «Саяси  зобалаң толқындары», «Жазықсыз  жапа шеккендер», «Мемлекеттік  Рәміздер –Тәуелсіздік белгілері», «Ана тілім -айбыным» , «Ата заңым аялайды елімді»,  

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне үлгілі кітапханаларда «Біздің Президент», «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі», «Елбасы мұраты-ел бақыты», «Тұңғыш Президент» атты 3 бөлімнен тұратын көрме. «Елін сүйген-елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта кең көлемді дөңгелек үстел өткізілді. Жалпы жыл бойы аудандық кітапханада әр түрлі мәдени іс шаралар өткізіліп тұрды.

Аудандық кітапханадағы материалдық - техникалық база: Ғимараттың үлгісі (типтік,бейімді) – Кітапханалар орналасқан ғимарат бейімді. 

Ұлытау ауданынының  Ұлытау, Жезді, Амангелді кітапханалары телефонмен және 4 үлгілі кітапхана интернетпен қамтылған.  Ұлытау аудандық кітапханаларда компьютер саны - 19 ,  ксерокс саны-3, лазерлі принтер саны -14, түрлі-түсті принтер саны -4,  проектор, экранымен саны -4, телевизор саны-4.

Аудандық кітапханада Рабис бағдарламасы бар. Аудандық  орталық кітапхананың орналасқан жері Абай көшесі-2 Мәдениет үйінің 2-ші қабатында орналасқан. 

  Кітапхана заманауи жиһаздармен  және материалдық-техникалық базасы жабдықталған.

Ай кітабы