Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК 2018 жылы өткізілген ақпараттық-насихат және мәдени-көпшілік шаралары жылдың басты оқиғаларына: 2018 жылдың 10- қаңтарындағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына, Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына, сонымен бірге 2018 жылғы 21 қараша күнгі "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласына, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына, Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына т.б. республикалық және аймақтық айтулы даталарға арналды. Аталған бағыттар бойынша жұмыстарды үйлестіру мақсатында тақырыптық жоспарлар дайындалып, іс-шаралар ұйымдастырылды.

2018 жылы кітапхана жұмысының бағыттары алғашқы кезекте:

  • Жылдың басты оқиғасын ақпараттық және кітапханалық сүйемелдеу үшін кітапхананың ақпараттық-ресурсті базасын қалыптастыру;
  • Ақпараттық- кітапханалық ресурсқа, ақпаратқа және білімге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • Басты оқиғалар мен жыл мерейтойы бойынша шараларды жариялау арқылы кітапхана веб-сайтын қолдау және дамыту.

Толығырақ...