Қазақстан баспалары

Алматыкітап. Жалпы алғанда баспа өз қызметінің он екі жылы аралығында балаларға арналған кітаптың 1000-нан астам түрін және 20 млн. данадан астам таралыммен оқу әдебиетін шығарды. Баспа шығарған кітаптардың 30%-дан астамы үш тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады. Бас қызметі жылдарында оқулықтармен қоса оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қызметіне кең жол ашатын, мазмұны бай, тамаша көркемделген жоғары сапалы кітаптар басылып шықты. Олардың қатарында «Менің Қазақстаным», «Менің алғашқы кітаптарым», «Мектеп кітапханасы» кітаптар топтамасы бар. «Менің Қазақстаным» топтамасында «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстанның Қызыл кітап беттерінен» өлкетану бойынша алғашқы кітаптар болды, қазақ халқының тарихы, тұрмысы мен мәдениеті бойынша – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері», «Қазақтың дарқан дастарқаны» және т.б болды. Сонымен қатар «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Қазақ ертегілері» секілді батырлар жыры мен ертегілер және т.б шығарылды.

«Арман-ПВ» баспасы оқулықтар, оқу-әдістемелік, анықтамалық, коррекциялы-дамыту, ойын және оқыту әдебиеттерін шығарумен айналысады. Өнім әртүрлі жастағы топтарды ескере отырып шығарылады: мектепке дейінгі, орта жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық білім беру. Осындай бағыттардың бірі оқу әдебиеттері: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары, мектепке дейінгі мекемелерге арналған әдебиеттер, анықтамалықтар, үлестірме материалдар, «Талапкер», «Оқушы анықтамалығы», «Оқушы кітапханасы» сериялары.

«Атамұра» баспа корпорациясы оқулықтардан бөлек, энциклопедиялық, балаларға арналған басылымдарды, анықтамалықтарды, ғылыми және ғылыми-танымдық және көркем әдебиеттерді шығарады.

Ғылым баспасы - суретті баспа басылымдарын, Қазақстанның түрлі облыстарындағы кәсіби қызметтің үздік мамандары туралы жинақтар, сондай-ақ осы кітаптардың СД электрондық нұсқасын шығарады.

«Дайк-Пресс» баспасы 1993 жылы құрылған. Құрылғаннан бергі уақыт ішінде 1000-нан астам кітап шығарды. Қазақстан аумағындағы, сондай-ақ шетел ғылыми авторлық ұжыммен өзара берік қарым-қатынасқа қол жеткізді. Қазіргі таңда «Дайк-Пресс» баспасы көркем және ғылыми әдебиеттерді шығарумен айналысады, нақтырақ айтқанда:

Тарих

Саясат

Музыка

Қазақ халқының өнері мен мәдениеті

Сөздіктер

«Мектеп баспасы» әдебиеттің ең күрделі түрі мектеп оқулықтарын басып шығарады. «Мектеп баспасы» танымал педагогтар, авторлар мен әдіскерлердің өте құнды тәжірибесін шоғырландырды.

"Жетi жарғы" ЖШС заң әдебиетінің баспасы Қазақстан нарығында1994 жылдан бері белгілі.

«LEM баспасы» ЖСШ 150-ден астам іскерлік әдебиеттер шығарады. Әр уақытта баспада салықтық және қаржылық есеп бойынша басылымдар болады.

 «Раритет» баспа компаниясы 1999 жылдың мамыр айында құрылған. Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі қазақстанның көркем әдебиетін, ЖОО, колледждерге және мектептерге арналған ғылыми және оқу әдебиеттерін,  қаржы және құқық бойынша нормативтік, құқықтық және көпшілік басылымдарды шығару болып табылады."Алтын қор" кітапханасы ұсынған қазақ тіліндегі көркем әдебиетті шығарады. Отандық классиктердің әйгілі шығармаларында XV ғасырдан қазіргі кезге дейінгі қазақ халқының дәстүрлері ұсынылған.

«Фолиант» баспасы оқулықтар, ғылыми, ғылыми-танымал, заң, көркем әдебиет, мамандандырылған әдебиеттер сондай-ақ безендірілген фотоальбомдар мен журналдар, буклеттер, плакаттар және басқа да полиграфиялық өнімдер басып шығарумен айналысады.

ROND&A баспасы Қазақстанның АПН тұрақты серіктестігі болып табылады, тапсырыстық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау аясында Қазақстан АПН қызметкерлері дайындаған оқу құралдарын, монографияларды, кітаптарды, анықтамалық құралдарды, басып шығаруға және таратуға көмек көрсетеді.

Ресейлік кітап палатасы (РКП)

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы

«Омега-Л баспасы», бірлестік тобы нормативті-іскерлік және оқу әдебиеттерін шығарады.

«Пашков дом» Ресей мемлекеттік кітапханасының баспасы кітапханалық тақырыптар бойынша әдебиеттер және ол ғана емес.  

«КТО ЕСТЬ КТО В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН» баспа үйі ЖШС  - дегдарлы толықтүсті биографиялық анықтамалықтар топтамасын шығарады. 

«ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ»баспасы ЖШС