НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен  Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана» атты байқауын жариялайды. Байқауға Қарағанды облысының қалалық орталық кітапханалары шақырылады.

Байқаудың мақсаты - кітапханаларды дамытудың бағытын анықтау, қоғамға қажет кітапхананың жаңа моделін құру үшін оларды өзгерту және  одан әрі ақпараттық, бос уақыт өткізу, әдістемелік, білім орталықтары ретінде қалыптасуын ұсыну.

Байқауда кітапхана дамуының келесі модельдері талқыланады: «Кітапхана – білім орталығы», «Кітапхана – ақпарат және демалыс орталығы», «Кітапхана - навигатор», «Кітапхана – өлкетану орталығы». Байқауға қатысушылар сараптық комиссияға кітапхананың даму моделін ұсынады.

Осылайша, қалалық кітапханалардың өкілдері өз кітапханаларының даму моделін ұсынуға мүмкіндігі бар. Байқау қорытындысы бойынша кітапхана дамуының қандай да бір үлгісінің қоғамдағы тұрақты қалыптасуы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.

«Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана» атты облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Аймақтарға шығу кестесі

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен  Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Орталық аудандық кітапхана - ауданның кітапханалық жүйесінің флагманы» атты байқауын жариялайды. Байқауға Қарағанды облысының аудандық ОКЖ-нің орталық кітапханалары шақырылады.

Байқау ережесін қараңыз

Аймақтарға шығу кестесі

Ағымдағы жылдың 19 маусым мен 12 шілде аралығында «Аудандық орталық кітапхана – кітапханалық жүйенің флагманы» атты облыстық байқаудың 4-кезеңі өтті. Аталмыш  кезеңде Мәдениет басқармасы және ОӘҒК мамандарынан құрылған байқау комиссиясы аудандардың орталық кітапханаларына барып, олардың қызметімен тікелей танысты.

Әр қатысушы-кітапхана құрылымдық бөлімшелер бойынша экскурсия ұйымдастырды. Байқаудың комиссиясы орталық кітапхананың жетекші мамандарымен кездесті, әр    бөлімшенің құжаттарын және жалпы жағдайын зерттей отырып, қызметімен танысты.

Іс-сапардың маңызды бөлігі Орталық кітапханалар және жүйені дамыту мақсатындағы  жобаларды таныстыру. Байқаудың ережесі бойынша кітапханалық қызметтің 6 негізгі бағыты анықталды: әкімшілік басқару, әдістемелік қамтамасыз ету, қорды толықтыру, автоматтандыру қызметі, оқырмандарды тарту және библиографиялық қызмет көрсету. ОКЖ-лері жобаларды дайындауда кітапхана ісінде жиналған тәжірибе мен және соңғы жеткен жетістіктеріне сүйенді.

Қыркүйек айында байқауға қатысушылар өз шығармашылық жобаларының соңғы нұсқасын байқау комиссиясының қарастыруына ұсынды. Комиссия жиналған материалдарға талдау жасауға және байқау жеңімпаздарын анықтауға кірісті. Ең үздік аудандық кітапханадан басқа, әр 6 негізгі бағыт бойынша ең үздік жоба анықталады.

________________________________________________________________________________________

Облыс кітапханашыларының біліктілігін арттыру жүйесі «Облыстағы кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру туралы" Ережесімен регламенттелген.

"Бір ел - бір кітап"  (2013 - 2015) акциясы.

Қазақ хандығының 550 жылдығы

Функционалдық мамандану есебімен, лауазымы, өтілі мен білімінің жіктелуі негізінде оқытуды қарастырады.

Үздіксіз білім беру жүйесінде кітапханашыларды оқыту түрлері әртүрлі: академиялық (семинарлар, семинар-тренингтер, мәжілістер, практикумдар, стажировкалар). Интерактивтік (іскер ойындар, тренингтер, байқаулар, «дөңгелек үстелдер», пікірталастар, сондай-ақ нақты проблемалық жақтарды талдау, топтық тапсырмалар). Тәжірибелік сабақтар (рефераттарды қорғау, үй тапсырмасын дайындау және т.б.). WEB 2.0. сервистерін қолдану.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында "Жастар бастамасы - кітапхана болашағы" кітапхана ісіне ғылыми мақала жариялау бойынша республикалық байқау өтеді.

 Экологиялық бетше

Жас мамандарға көмек

Облыстағы кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру жүйесінің құрылымы:

  • Халықаралық, республикалық іс-шараларға қатысу;
  • Облыстық, аймақтық, көшпелі семинарлар;
  • «Кәсіби оқыту Мектебі»;
  • Әдіскерлер секциясы;
  • Библиографтар секциясы;
  • Толықтырушылар секциясы;
  • Автоматизация бөлімі меңгерушілерінің секциясы;
  • Ересек тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсету секциясы;
  • Ауыл кітапханашылары секциясы;
  • Оқу орталығы
  • Компьютерлік сауаттылық курстары