Кітапханаларды дамыту бөлімі (КДБ) 2001 жылдан бері семинар, кеңестер, практикум, машықтандыруларда және т.б. жаңаларды трансляциялау жолымен инновациялық процестерді әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыра инновациялық режимде жұмыс істеп келеді.

Инновациялық қызметті жүзеге асыру негізіне: стратегиялық жоспарлау, маркетинг, жобалар, (1994ж. бастап КДБ басқа бөлімдермен үйлестікте – 14 бағдарлама мен жобаларды дайындаған, облыс бойынша 150 астам), байқаулар, форумдар,  жұмыстың инновациялық түрлерін зерттеу, ТМД, облыс кітапханаларының жұмыс тәжірибесін танымал ету, технологиялық жаңалар жұмысын тәжірибеге енгізу. Ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық, сервистік қызметтерді және т.б. дамыту. Web, Web-2.0 және т.б. технологияларда негізделген құралдар мен сервистерді, жаңа әдістерді енгізу және зерттеу, сондай-ақ да  мобильді технологияларды дамыту өзекті мәселе саналады.

Инновациялық саясат ең алдымен жаңа ақпараттық технологияларды енгізумен, ақпараттық ресурстарды қалыптастырумен, Интернет желісіне шығумен, көпшілік құқықтық ақпарат орталықтарын құрумен және т.б. байланысты. Осы бағыттардың барлығы бағдарламалық-жобалық қызметте қамтыла көрсетілген. Семинар, тренинг, компьютерлік сауаттылық курстары, тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, оларды жүзеге асыруға ықпал еткен болатын.

 

«Қарағанды облысының кітапханаларын автоматтандыру Бағдарламасын» жүзеге асыру (2001ж.). 1-кезең (2002-2004жж.).

Облыс кітапханаларын автоматтандыру процесі 90 жылдардың ортасында басталған болатын. Дербес компьютерлердің бар болуы - 1998 – 6; 2001 - 75. 2004 – 293.

- «2004-2006жж. үлгілі ауыл кітапханалары» жобасы жүзеге асты – «Ауыл жылдары» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысының мәдениет басқармасының қолдауы арқасында. Бюджет 24 млн. теңгені құраған, бұл қаржы 29 үлгілі кітапхана ашуға мүмкіндік берді. 01.09.2012 ж. үлгілі кітапханалар саны – 93.

Осы жылдары компьютер паркі 303 артты, 1.01.2007ж. 593 құрады. Осы бағдарлама аясында үлгілі кітапханалар әдебиеттермен қатар компьютермен, перифериялық құрылғымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйемен (РАБИС) және т.б. толықтырылған жоқ.

«2007-2010жж. Қарағанды облысының кітапханаларын жетілдіру бағдарламасы» жүзеге асыру. Осы бағдарлама аясында 2007-2010 жж. облыс кітапханаларының дербес компьютермен қамтылу кезеңі 762 құраған. 01.01.2011ж. – 953. 267 кітапханада 322 телефон нөмірі орнатылған, оның ішінде 194 ауылдық кітапханада. Электронды каталог құрылған. 175 кітапхана Интернетке қосылған (52%), оның ішінде ауылдық жерде - 95. 22 кітапханада Интернет WLL CDMA технологиясы бойынша, 85 кітапханада – ADSL технологиясы бойынша, 68 кітапханада - коммутацияланған. 9 Интернет-класс, 9 құқықтық ақпарат Орталығы, 20 сайт құрылған.

«2007-2010жж. Қарағанды облысы кітапханаларының өлкетанулық құжаттар қорын сақтау» жобасын жүзеге асыру. Облыс кітапханаларында осы қызметке арналған 139 сканер мен 133 МФУ бар, оның ішінде ОКЖ - 119 сканер мен 123 МФУ. Программа «Fine Reader» бағдарламасы (98) 51 кітапханада орнатылған, 5 кітапхана «Photoshop» (8) бағдарламасына ие. 1.01.2012ж. облыс ОКЖ жалпы көлемі 15228 беттен тұратын толықмәтінді деректер базасы 5940 құжатты құрайды. ЭК 2768 құжат байланған.

«2011-2013 жылдары Қарағанды облысының кітапханаларын жетілдіру бағдарламасы.

«2011-2013 жылдары Қарағанды облысының кітапханаларын жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру туралы» іс-шаралар жоспары. 2009-2010жж. компьютер паркі қаржыландыру жоқтығы салдарынан аз толықтырылды. 2011ж. Қарағанды облысының әкімі С.Ахметовтың қолдауымен компьютерлеу алға жылжыды, компьютерлеуге 27 млн. теңге бөлінген.

Ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық қызметтерді дамыту «Кітапхана - е-үкімет қызметіне қол жеткізу нүктесі» жобасын (2010ж.) жүзеге асыруға ықпал етті.. Жоба негізіне халықты «электрондық үкімет» мүмкіндіктерін қолдануға тарту, пайдаланушылардың әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді, ақпараттық ресурстарды тиімді қолдануға қолжеткізуін қамтамасыз ету, кітапхананың ресурстары мен мүмкіндіктерін танымал ету жатады.

Сондай-ақ кітапханалардың «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға қатысуы шағын бизнеске көмек ретіндегі ақпараттық қызметтерді дамытуға әсерін тигізді.

 

Ай кітабы