Кітапханалардағы Web 2.0 технологиялар

Кітапханалық қызмет көрсету соңғы екі онжылдықта компьютер, цифрлық жүйелерді, Интернетті қолдануға байланысты айтулы өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологиялар сұраныс беру, қабылдау және жеткізу процестерінжеңілдетеді.Дегенмен, электрондық ресурстарды қолдану арта түскен сайын кітапханаларға оқырмандардың келуі азая түседі. Бүгінгі ұрпақ компьютермен бірге есеюде, әрі виртуалды шынайылықта оңай бағдарланады. Олар үшін Web - ақпарат дереккөзімен ғана емес, қарым-қатынас, ынтымақтастық, өз ойларын жеткізу ортасы болып та табылады. Бұл кітапханалардың қызмет көрсетуге инновациялық тәсілдерді іздеуін талап етеді және қызметті оқырмандарға ыңғайлы әдіспен ұсынуға итермелейді.

Соңғы жылдардағы кітапханалық қызмет көрсетуге енгізілген жаңа сервистердің біразы Web 2.0. технологияларды қолданумен байланысты. Web 2.0. терминологиясымен Словарик WEB 2.0 таныстырады.

Кітапхана тәжірибесіне барлық технологиялық процестерді енгізу үшін, қызметкерлердің арнайы дайындығы қажет, яғни жаңа білім мен іскерлік керек.

Интернет ресурстар Web 2.0 технологиясын қолданудың түрлі әдістерімен таныстырады. Мысалы, Web 2.0 сервистері виртуалды кітап көрмелері жылдам құруға мүмкіндік береді. Блогтар Web 2.0. инновациялық құралы болып табылады. Кітапханада блог құру өз қызметінде шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға арналған қазіргі заманғы on-line жабдықты тегін қолдану мүмкіндігі деген сөз.

Web 2.0. басқа тиімді сервисіне RSS кітапханаларда жатады. Бұл кітапхана жаңалықтары туралы ақпараттандырудың ыңғайлы әдісі, сондай-ақ пайдаланушыға керек қажетті ақпаратты электронды түрде жедел ұсынуға мүмкіндік береді. Барлығы RSS туралы. http://orss.ru/

Кітапханадағы жедел хабарламалар Web 2.0. танымал сервистері болып саналады. Ресей кітапханалары «Вконтакте» және «Фейсбук» әлеуметтік желілерінің мүмкіндіктерін белсенді түрде қолданып келеді. Бұл кері байланысты бірден алуға, пікір алмасуға, оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді.

Кітапханалардағы микроблогтар Олардың өзгеше ерекшелігі – хабарламалардың қысқалығы, постарды жылдам, әрі ыңғайлы дайындау. Танымал сервистердің бірі - «Твиттер».

Әлеуметтік бетбелгілер  – бұл сайттарға сілтемелердің тізімі берілген сервистер. Әлеуметтік бетбелгілер Интернеттегі ұнайтын сайттарына, оларға кеңістіктің қай жерінен болсын қолжетімді сілтемелерді сақтауға мүмкіндік береді. Оларды кітапханалар қолданбайды деуге болады, аздаған ғана мысалдар бар.

Подкаст пен бейне-подкаст. Сурет пен бейнехостинг. Әзірге кітапханалар арасында кең танымал емес.

Кітапханалардағы әлеуметтік желілер  Олардың кітапхана тәжірибесінде қолданылуының негізгі мүмкіндіктері. Виртуалды анықтамалар. Кәсіби қарым-қатынас. Мәжілістер. Конференциялар мен семинарлар және т.б.

Ай кітабы