Шағын кәсіпкерлікке көмекке ақпараттық қызмет

Облыс кітапханалары «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыруға атсалыса қатысып келеді.

Шағын және орта кәсіпкерліксубъектілеріне ақпараттық көмек көрсетіп келеді. Облыс ОКЖ серіктесе «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны ақпараттық қамтамасыздандыру» жиынтық жоспары дайындалған болатын. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына», «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына» ерекше назар аударылған.

Негізгі мақсаты – ақпараттық қызметтерді кеңейту үшін және облыс кітапханаларында шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытылы, толық, әрі анық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін кітапханаларда қолайлы жағдайлар туғызу.

Кітапханалар Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін құрылған,  «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» бизнес-порталы ұсынған ақпараттық қызметтерді ілгерілетуді назарға алған болатын. Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің (әсіресе бастаушы кәсіпкерлер, шаруа қожалығының басшылары арасында) бұл қызметке деген қажеттілігі күн сайын арта түсуде.

Интернетке қосылған 100 астам кітапхана, 11 қоғамдық қол жеткізу пунктері ақпарат ұсынып келеді. Кәсіпкерлікке көмекке нормативтік-құқықтық құжаттар ұсынылуда - «ЗАҢ» ДБ (облыстың 13 ОКЖ), «ПараГраф» (3 кітапхана), «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында нормативтік-құқықтық актілер «Даму» қорының типтік бизнес-жоспарлары. Осы орайда  «Кәсіпкерліктің жедел курсі» кітабын оқуға болады. http://www.fund-damu.kz/8302

Шахтинск ОКЖ «Библиотека и предпринимательство: модели взаимодействия» жұмыс тәжірибесін ұсынған.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы заңнамалар

«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық қолдау» Бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы  

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы  

«Экспорт -2020» экспорттауды дамыту және ілгерілету бағдарламасы

«Өнімділік 2020» бағдарламасы  

«Өнімділік 2020» бағдарламасы. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын дайындау әдістемесі.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» 

Бизнес.

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі. Шағын және орта кәсіпкерлік.

Кедендік одақ Комиссиясының ресми сайты

«Шағын кәсіпкерлікке көмек» ақпараттық сайт