Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді.

Қазақстан Республикасының алғаш тұтқасын ұстап, туын көтерген тұғырлы тұлға - Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың биыл 2019 жылы жоғары лауазымда елімізді басқарып, қызмет атқарғанына 30 жыл толып отыр.

Осыған орай кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде "Ұлы тұлғаның ұлы істері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырман қауым кітап көрмесіне жасалған шолуға назар аударды.

Кітап көрмесі Н.Ә. Назарбаевтың шығармашылығынан бастау алды. Көрме Елбасы туралы жазылған ой-пікірлер мен тарихтан сыр шертетін шығармалардан құралды. Көрмеде Қазақ елінің Президентке артқан үлкен сенімнің арқасында пайда болған Тәуелсіздік жырлары жайындағы кітаптар, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар мен тың деректер орналасты. Көпшілік оқырманға ұсынылған әдебиеттердің басым бөлігін Елбасының тарих және Қазақстанның жаһандану кезеңдеріне арналған кітаптары құрады.

Елбасының қандай еңбектерін оқысаңыз да, ел экономикасы мен елінің тарихы жайлы мәліметтер, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аласыз.

Кітап көрмесі Елбасы жайындағы танымы мол кітаптармен толықтырылды.

Сондай-ақ, "Ұлы даланың қанатты тірегі" тақырыбында Елбасы Н.Назарбаевқа құрылған кітап көрмесі аясында қатысқан оқырмандарға ақпарат берілді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемдегі кемеңгер тұлғалардың бірі. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды.

Құрметті оқырман қауым, өздеріңізді кітапханамыздың төрінен орын алған кітап көрмесімен жақынырақ танысуға шақырамыз!

 

Оқу залдары, кітапханашы

Макпал Жанат

Ай кітабы