Ағымдағы жылдың 19 қараша күні кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Егемен елдің кемеңгер басшысы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тәуелсіз мемлекеттің жетістіктері мен табыстарының қайнар бастауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлік тұлғасы тұр, қайталанбайтын қолтаңбасы жатыр.

Бұл – Н.Ә.Назарбаевтың жаңа, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі ерен еңбегіне деген құрметті паш ететін көпұлтты Қазақстанның ортақ мерекесі.

Мұраты мәңгі, мақсаты биік, жаңа үлгідегі мемлекетті құруға Елбасы факторы шексіз мүмкіндік берді. Осы тарихи уақытты, жетістіктеріміз бен табыстарымызды, құндылықтарымызды қадірлей, бағалай білу бізге парыз. Осы мақсатқа көзделген кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылығына арналса, екінші бөлім Елбасы туралы жазылған ой-пікірлер мен тарихтан сыр шертетін шығармалар, ал, үшінші бөлім қазақ елінің Елбасына артқан үлкен сенім арқасында пайда болған Тәуелсіздік жырлары жайындағы кітаптар мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары біріктірілді. Көрмеде көпшілік оқырманға ұсынылған әдебиеттердің басым бөлігін Елбасының қызмет жолы және Қазақстанның жаһандану кезеңдеріндегі мәліметтер құрады.

Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңыз да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аласыз. Елбасының "... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін" немесе "Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ", - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүру міндетіміз деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы "Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады" деп, Елбасының өзінің жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан кітап көрмесінің көрікті кітаптарының бірі "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы бәріміздің қасиетті Отанымыз Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап, оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, кітапта "Қазақстандық даму үлгісінің" табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашық көрсетілген. Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған 4 бөлімнен тұрады.

2017 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Көші-қон және қазақ әлемі" кітабы дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына орай жарық көріп отырған бұл кітапқа ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы көші-қон саясатына, сондай-ақ, халқымыздың  мәдениет мен тарихына, бүгіні мен болашағына қатысты сөйлеген сөздері, жасаған баяндамалары, жарық көрген мақалалары мен бұқаралық ақпарат құралдарына берген сыр-сұхбаттары топтастырылған.

Елбасының "Қазақстан жолы" атты кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудан тұратын кітапта тараулардың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасы жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Тәуелсіз белестері" атты кітабы қазақ мемлекетінің болашаққа қол жеткізіп, өз мұраттарын іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегиясын осы кітап арқылы Қазақстан халқына жолдайды. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Жаңа ғасыр табалдырықтан аттайды, басқа дәуір туып келеді демекші, еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жайлы баян етеді.

Құрметті оқырман, кітап көрмесі арқылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты жаңа қырынан тани аласыздар! Өздеріңізді кітап көрмесімен танысуға кітапханамызға шақырамыз! Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы істеріңізге жеміс тілейміз.

 

Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.

Ай кітабы