Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_Jir_Jauhar is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_Jir_Jauhar is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2018 жылдың 25 қараша күні кітапханамызда Қазақстанның халық жазушысы, ақын, балалар әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбай шығармашылығына арналған "Мұзарт таудай Мұзаға" атты жыржауһарлық жастар мен оқушылар арасында әдеби отырыс өтті. Ақынның өмірі жайлы көрсетілімдер ұсынылып, көрме таныстырылды. Жамбыл Жабаев атындағы №7 мектеп-гимназиясының қабырғасынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубы филиалының мүшелері, №102 мектеп оқушылары ақын өлеңдерін оқып, ақынға деген жүрек жарды жырларын арнады. Әдеби кештің көңілді әрі танымды, тағылымды өтуіне кітапхана ұжымы аянбай атсалысты. Кеш қонақтары ақын Мұзафар Әлімбаевтің орысша-қазақша өлең сөздігімен құрылған ойынға қатысып бір сергіп қалса, кітапханашы Алмагүл Садуақасқызының таныстырған көрмесінен ақынның ел білмейтін қырларымен таныс болып көп мағлұмат алды. "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ең жас мүшелері – Әшім Рамазан, Сәулехан Асылай ақынға деген арнауларын, Мұхтархан Жансая, Тынысбеков Бекболат ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермен ықыласына бөленді.

{gallery}material/news/2018_Jir_Jauhar{/gallery}

Кеш соңында "Жыр-Жауһар" поэзия клубының аға буындары өлең оқып, ақын жайлы естеліктерін айтты. "Жыр-Жауһар" поэзия клубы өткізген "Мұзарт таудай – Мұзаға" әдеби отырысы жас өркеннің санасына сенім ұялатып, қанаттарын қатайтуға сеп болды.

Ай кітабы