Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/latyn is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/latyn is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген көкейтесті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Осыған орай кітапхана қабырғасында  мағыналы бірнеше іс-шаралар атқарылып жатыр. Яғни, жаңа әліпбимен танысу жалғасуда. 2018 жылы 18 қазан күні «Таныс бол және пайдалан» тақырыбында мазмұнды іс шара өтті.

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын ашу мақсатында өткен шараға  Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ж.Р. Жақанова, Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Ә.Д.Смыкова,  Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Д.А.Сәкімбай қатысты.

Шара «Кітап көрмесі – оқырман олжасы» дегендей оқырман назарына өлкетану әдебиеті бөлімінің жас кітапханашысы М. Рахметаеваның «Латын әліпбиі-уақыт талабы» атты кең көлемді тақырыптық кітап көрмесіне жасаған әдеби шолудан басталды. Оқырманды өзіне тарта алған бұл кітап көрмесі «көрмеге кітап іздейтін оқырманөзі үшін келеді» демекші қызығушылық танытқан оқырмандар көп болды.

Сөз кезегін алған Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Д.А.Сәкімбайдың латын тілінде жарық көрген жазбалар мен құнды деректер  жөніндегі шағын баяндамасыоқырманды қызықтыра түсті.

{gallery}material/news/latyn{/gallery}

 «Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ж.Р. Жақанова латынға көшудің  негізгі аспектілеріне тоқталып,  қазақ тілінің жазу тарихына қысқаша шолу жасап, бекітілген жаңа әліпбиімен таныстырды, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Ә.Д.Смыкова «Латынша  жазып дағдыланамыз» тренинг өткізді. Бұл тренинг латын графикасында жазу, оқу дағдысын қалыптастыру және жазу барысында қиындықтарды анықтау болды. Тренинг барысында акуттық таңбалардың дұрыс қойылуы түсіндірілді және таңбалануы бірдей әріптерді өзара айыру үшін тапсырмалар берілді.

Барлық қатысушылар белсенді қатыса отырып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Shara erkin, qolaily jaǵdaida ótti.

Ólketaný ádebieti bóliminiń basshysy Telpekbaeva Sandýǵash

Ай кітабы