Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_bukharzhyrau is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_bukharzhyrau is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қазақ жыраулар поэзиясының алыбы, Абылай ханның ақылшысы болған Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Қарағанды облысы бабаның мерейтойын  өз дәрежесінде өткізіп, түрлі республикалық шаралар, әлеуметтік маңызды істерді жүзеге асыруда. Осы мәдени-көпшілік шаралардың бірі ретінде 2018 жылдың 1 қазан күні "Абыз жырау – аңыз жырау мұрасы" атты С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен онлайн-конференция өтті.

Конференция Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі және Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен іске асты.

Аталмыш конференцияға С. Торайғыров атындағы ПГУ ғалымдары, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдары, Павлодар қаласындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет пен өнер музейінің ғылыми қызметкерлері, Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері, қоғам өкілдері, БАҚ қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Қарағанды және Павлодар облысының мәдениет қызметкерлері мен ғалымдарының тәжірибесіндегі Бұқар жыраудың тарихи және мәдени мұрасын насихаттау.

Бұқар жырауды ұлықтау тек бір ғана өңірдің емес, барша қазақтың алдындағы абыройлы міндет екендігін көрсеткен шараның модераторы тарих ғылымдарының кандидаты,"Тұлғатану" ғылыми орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы болды.

Конференция барысында жыраудың өмірі мен шығармашылығы, зерттелу жайы, Бұқар толғауларындағы дін және философия, Бұқар ұстанымы – ата-баба жолы, ел бірлігі,  бұқартану – белгілі бір дəрежедегі жанр екендігі туралы ой ортаға салынды.

{gallery}material/news/2018_bukharzhyrau{/gallery}

Конференцияда баба мұраларын дəріптеп жүрген филология ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Зейнулина Айман Файзуллақызы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, өлкетанушы Жанғожин Аман Жағдаұлы, Қарағанды облысының мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар архивінің басшысы Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы, "Қайнар" жастар сыйлығының дипломанты, Ботақара кентіндегі Өнер мектебінің оқытушысы Акишев Амантай, жас ақын, "Ел үміті" төсбелгісінің иегері Әміренов Ерболат Теңдікұлы, Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері Болат Досанбек өз баяндамаларымен бөлісті.

Бұқар жырау мұралары бүгінгі ұрпақ үшін бағалы құндылық. Шараға Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері, Қарағанды гуманитарлық колледжі мен Абай атындағы Саран гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Аталмыш шараға арнайы Бұқар жырау тарихи-өлкетану музейі қорының көрмесі, Н.В.Гоголь атындағы кітапханасының кітап көрмесі мен мерейтойлық Бұқар жырау мерекесіне арналған суретшілердің картиналары қойылды.

{gallery}material/news/2018_bukharzhyrau1{/gallery}

Бұқар жырау шығармашылығы мен өмірін терең тану арқылы оның рухани мұрасын дəріптеуді мақсат еткен шараның мазмұны мәнді, тағлымы терең болды.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С. Телпекбаева

Ай кітабы