Құрметті сайт қонақтары!

Адамзат өмірінде мәңгі жасайтын өнердің бірі - әдебиет. Ол - ең алдымен адамның жанын, сезімін, түйсігін, құштарлығын суреттейді. Бүгінгі қазақ әдебиетімізге өзгеше бір түйсік-түсінігі мен таным дүниесімен, зерделілік сырымен, зергерлік құпиясымен терең үңілген өнер иесінің бірі – Апбаз Қаражігітов.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері А. Қаражігітовтың 90 жылдық мерейтойына кітапхана «Қарымды, қайратты қаламгер» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.

Осы көрме арқылы А. Қаражігітовтың қаламынан туған әңгіме, повесть, пьеса, публицистикалық-ғұмырнамалық эсселерімен танысасыздар. Көпшілік оқырманға арналған көрмедегі мәліметтер әрдайым жаңа деректермен толықтырылып, жалғастырылып отырады.

Кітапхана Апбаз Баймендеұлын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

Біздің құттықтауға қосылыңыздар!