Жалпы мәлімет. Барлық ведомстволар кітапханаларының жалпы санынан (2013 жылы - 935, 2012 жылы – 941, 2011 жылы - 952) мәдениет және ақпарат Министрлігіне қарасты кітапханалар 35,5%-ды құрайды, яғни 332 кітапхана.

Бұл 4 облыстық кітапхана: Сәтпаев қаласындағы дербес жасөспірімдер кітапханасы және 18 ОКЖ біріктірілген 327 кітапхана, нақты айтқанда 9 қалалық және 9 аудандық ОКЖ (9 ОАК, 9 ОҚК, 13 ОБК, 232 ауылдық филиалдар, 40 қалалық филиалдар, 19 балаларға арналған филиал, 3 жасөспірімдер филиалы және 2 кітапхана-клуб).

  • Облыс кітапханалары бағыт-бағдары бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
  • үлгілі кітапхана (олардың саны 97, оның ішінде 92 аудандық ОКЖ және 5 қалалық ОКЖ);
  • кітапхана-клуб (Бұқаржырау ОКЖ Үштөбе, және Доскей ауылдарының 2 үлгілі кітапхана-клубы);
  • отбасылық оқу кітапханасы (Қарағанды ОКЖ 1 кітапхана, Саран ОКЖ 3 кітапхана, Сәтпаев ОКЖ 1 кітапхана);
  • Балқаш ОКЖ «Сырлас» мемлекеттік тілді насихаттау кітапханасы;
  • экологиялық бағыттағы кітапхана (Балқаш ОКЖ)

Барлық кітапханалар бейімделген кітапханаларда орналасқан. Шахтинск қалалық орталық кітапханасы типтік ғимаратта орналасқан.

Күрделі жөндеу жұмыстары 3 ОАК ( Жаңаарқа, Шет, Қарқаралы) және Теміртау ОҚК; Шет ОКЖ ОБК , 11 ауылдық филиал (Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауыл кітапханасы, Ақтоғай ауданындағы , Нұркен, Сарытерек, Шабанбай ауылдарының кітапханалары мен Шашубай кентінің кітапханасы, Қарқаралы ауданының Егінді, Нүркен, Әубәкіров ауылдарының, Қарағайлы кентінің кітапханалары, Ұлытау ауданының Пионер, Қаракұм ауылдарының кітапханасы) және Саран қаласының №1 ООК қалалық кітапханасы.

Ұлытау ауданының Ақтас ауылдық кітапханасы апатты жағдайда.

Стационардан тыс қызмет көрсету түрі. Стационардан тыс кітапхана желісі 360 жылжымалы кітапханалар мен кітап берілім пунктерінен тұрады.

Tолығырақ ОКЖ бойынша қараңыз

 

Оқырмандар саны. Есеп беру жылында облыстың мемлекеттік кітапханаларында 446021 оқырман жоспарланған, кітапханаларға 447542 адам жазылып, оларға кітапханалық қызмет көрсетілген. Жылдық жоспар саны артығымен орындалғанына қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда (448720 адам) мемлекеттік кітапханалардағы оқырмандар саны 1178 адамға азайған.

Облыс ОКЖ бойынша оқырман саны жыл сайын азайып барады. Есеп беру жылында 389741 оқырман жазылып, оларға қызмет көрсетілген, 2012 жылы - 391012 адам, 2011 жылы – 391791 адам, 2010 жылы – 392437 адам.

Электрондық ресурстарды пайдаланушылар саны арту үстінде. 2012 жылмен салыстырғанда олардың саны 5815 адамға артқан және 118367 құрады.

Облыс ОКЖ бойынша 77505 оқырман пайдаланушы болып табылады. Ауылдық кітапханалардағы пайдаланушылар саны 33364 адам.

Толығырақ...

Кітапхана қорының құрамы және оны қолдану, қалыптастыру. Есеп беру жылында облыс кітапханасының қорына 161782 құжат берілген. Бұл өткен жылға қарағанда 964 данаға көп.

ОКЖ 144358 дана келіп түскен (2012 жылы –  143507 басылым).

Кітапханалар қорына өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік тілде 448 басылым артық түскен және 101539 дананы құрады.

Кітапхана қорына түрлілік құрам бойынша 131286 кітап басылымдары, 29670 мерзімді басылымдар және 826 CD және DVD дисктер түскен.

Биылғы жылы жүйе кітапханаларының ішіндегі қор 5 ОКЖ қайта бөлінген. Қайта бөліну тек 8162 дана басылымды құраған. 3034 мемлекеттік тілдегі басылымдар  қайта бөлінбеген. 153620 дана жаңа басылымдар алынды.

Толығырақ...

Кітапхана қорының әрекеті және оны қолдану. Облыс кітапханаларына барлығы 161782 дана басылым түсті, жаңа басылымдар - 153620 құжат. Оның ішінде:

  • қоғамдық әлеуметтік тақырыпта 40407 құжат, оның ішінде жаңа басылым 39376;
  • ғылыми тақырыпта 8874 дана, оның ішінде жаңа басылым 8688;
  • техника және ауылшаруашылық басылымдары 5417 басылым, оның ішінде жаңа басылым 5322;
  • өнертану, денешынықтыру және спорт тақырыбында 9171 дана, оның ішінде жаңа басылым 8944;
  • көркем әдебиет, тіл білімі және филология ғылымы бойынша басылымдар 97967 дана, оның ішінде жаңа басылым 91290;

Облыс ОКЖ бойынша 144358 құжат түсті, оның ішінде жаңа басылым 136196 дана.

Толығырақ...

Техникалық құралдар. Облыс кітапханаларындағы компьютер паркі 1014 машинаны құрайды, оның ішінде 41 ноутбук. 1 жылда 151 компьютер сатып алынып, 82 компьютер есептен шығарылды.

304 кітапхана компьютерлендірілген. ОКЖ 818 компьютер бар.

Жыл сайын телефон орнатылған кітапханалар саны артып келеді. 2005 жылы барлығы 82 нөмір болса, 2013 жылы аяғында 343 нөмір болды. 280 кітапхана телефондандалған немесе (84.3 %).

198 кітапхана Интернетке қосылған немесе 59,6 %. Ауылдық жерде 129 кітапхана.

Толығырақ...