Кітапханаларды компьютерлеу саласының айтарлықтай динамикасы Ж.К.Шаймұханбетованың басшылығымен және «Ауылды қолдау» Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Қарағанды облысының мәдениет басқармасының қолдауы арқасында облысымызда «Үлгілі ауыл кітапханасы» жобасы жүзеге асырыла бастаған 2004 жылдан байқалған болатын. Бұл жобаны облыс әкімдігі де қолдаған еді. Бюджет 24 млн. теңгені құрады, бұл қаржы 29 үлгілі кітапхананы ашуға мүмкіндік берді.

Осы жылдарда компьютерлік парк 303 өсті, 2007 жылдың 01.01-не 596 құрады. Осы бағдарлама аясында үлгілі кітапханалар тек компьютерлер мен шалғай құрылғылармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен ғана емес, автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйелермен (РАБИС) және т.б. толықтырылды.

Алғашқы тәжірибенің де жаңа технологияларды дамытудағы стратегиялық бағыттарды анықтайтын кезі келді. Алдағы уақыттағы «2006-2008жж. Қарағанды облысының кітапханаларын ақпараттандыру»,«2008-2011жж. Қарағанды облысының мемлекеттік кітапханаларын жаңғырту» және т.б. бағдарламалар осыған бағытталған болатын.

Осы бағдарламалар аясында 2006-2008жж. облыс кітапханаларын дербес компьютермен толықтыру кезеңі – 731 құрады.

Қаржыландыру болмағандықтан 2009-2010жж. компьютерлік парктің артуы төмен болды. 2011ж. Қарағанды облысының әкімі С.Ахметовтың қолдауы арқасында алға жылжу байқалды, бұл жылы компьютерлендіруге 27 млн. теңге бөлінді.

1.01.2012ж. компьютер паркі – 953 құрады (оның ішінде ОКЖ - 746), 2010 жылға қарағанда машина паркінің артқаны - 191. Бүгінде облыстағы 337 кітапхананың ішіндегі 292 кітапханада компьютер бар, осылайша кітапханалардың 86,6% компьютерлендірілген. Компьютерлендірілмеген  кітапханалар саны - 45 (13,4%).

Осыған сай шалғай құрылғылардың саны артуда, оның ішінде: принтерлер – 614, сканерлер – 179, ксерокстер – 80. Шалғай құрылғыларды техникалық қамтамасыз ету және алдын алу - қосу мен күйіне келтіру, желіге қосу және алдын ала қызмет көрсету, мониторлар мен принтерлерді жөндеу бірге жүзеге асырылады. Осының бәрі облыс кітапханаларының ішінде құжат айналымын жақсарту мен жеделдетуге, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Облыста компьютер паркі артқанына қарамастан, компьютерлердің 40% ескірген және есептен шығаруды талап етеді. Компьютерлеу мәселелері сол күйінше өзекті мәселе болып табылады, оның басты себептерінің бірі – қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Компьютерлік технологиялардың дамуы компьютер паркін ұдайы жаңартуды ұсынады. Оның үстіне, біздің пайдаланушылар шағын компьютерлердің түрлі үлгілерін: ноутбуктер, нетбуктер, қалталы компьютерлер, ІPAD, ұялы телефондар, смартфондар, ІPОD, book-ридерлер және т.б. иеленіп, бізден алға озып кеткен.

Ақпараттық-қатынастық технологиялардың кітапхана қауымдастығына жетілген, жеке пайдаланушыға бағытталған компьютер техникасын беруі кітапханалардың басшыларын ойлантуы тиіс.

Тиімді автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе техниканың бар болуымен қатар, телефондауды да, жергілікті есептеу желісін, электронды каталогты (ЭК), Интернетке қосылуды және т.б. тұспалдайды.

Бүгіндері «Қарағанды облысының кітапханаларын ақпараттандыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқасында телефондау сұрақтары шешімін тапты.

Телефондалған кітапханалар саны жыл сайын арта түсуде. Бүгіндері 80% - 269 кітапхана  телефондалған, телефондалмағаны - 20% (68 кітапхана).

ОКЖ жергілікті желіні құруға басты назар аударылған болатын. Бүгінгі күні 15 ОКЖ жергілікті желі бар, олар 200 компьютерді біріктіреді. 3 ОКЖ жергілікті желі жоқ.

Бүгіндері ОКЖ жергілікті желіні жетілдіру дайындығының екінші кезеңі жүріп жатыр, жыл сайын компьютерлік парктің техникасы кеңейіп келеді. ОКЖ алдында компьютерлерді жергілікті есептеу желісіне біріктіру туралы сұрақ тұр, ол бір-бірімен өзара байланысқан бағдарламалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесін көрсетеді. Осындай өзара байланыс ОКЖ бар ма? Аппараттық құралдар талдауы әрқайсысын жеке-жеке қарап шығуға мүмкіндік береді – бұл жұмыс станцияларының, серверлік желілердің, қатынастық жабдықтардың бар болуы.

Облысымыздағы барлық орталық қалалық және аудандық кітапханаларында 8-15 дейінгі жұмыс станциялары желіге қосылған. Жұмыс станцияларында пайдаланылатын операциялық жүйелер (MS Windows XP PRO RUS OEM. MS Windows 7 PRO RUS OEM. MS Windows XP Home OEM). Бірақ олар ОКЖ жетіспейді. Ақпараттық жүйелерді қорғау мақсатында 11 ОКЖ Касперский антивирусын қолдайды.

Өкінішке орай, бүгіндері облыс ОКЖ бағдарламалық қамтамасыз ету прайстарымен жүргізілетін жұмыс, бағдарламалық қамтамасыз етуді дұрыс таңдау және сатып алу лайықты түрде жүргізілмейді.

Желінің серверлері. Мамандандырылған серверлер, оның ішінде «MS Windows Svr Standart 2008» ОКЖ үшеуінде бар. Ал жұмыс станциялары серверге бейімделген ОКЖ серверлік операциялық жүйе орнатылмаған.

Жүйе техниктерінің, бағдарламашылардың басым бөлігі, ОКЖ олардың 20 астамы жұмыс істейді, негізгі функцияларды (файлдық сервер, деректер базасының сервері, қолданбалы бағдарламалар сервері, деректерді резервтік көшіру сервері және т.б.) орындауға арналған - сервердің функционалдық тағайындалуымен «ОС Windows Server» жұмыс істеу мен жүйелік әкімшіліктің кәсіби дағдыларына ие емес.

Коммуникациялы жабдықтау. ОКЖ жергілікті желілердің монтажын жүргізу үшін қосымша желілік жабдықтау (шоғырлауыш (хаб), қайталағыш; коммутаторлар (көпір); маршруттауыш, шлюздер және т.б.) қажет.

Жоғарыда аталған барлық сұрақтар «Жаңа технологияларды дамытудағы басқару шешімдері» атты облыстық семинарда (2012ж., қаңтар) қарастырылған болатын. Серверлерді, желілік жабдықтауды, жергілікті желілердің монтажын сатып алу мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, лицензиялаудың тиімді саясаты бойынша кәсіби кеңестер берілген бұл семинардың ОКЖ директорларына берері көп болды. Ал SWOT-талдау осы бағытта айқындалған олқылықтарды жою бойынша анағұрлым тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Абай ОКЖ директоры Н.С.Филиппенко айтып өткендей, «бұл семинар-практикум әрқайсымызға кітапханаларда жаңа технологияларды дамыту бойынша тиімді менеджментті қабылдауда жұмыс бастауға көмектесіп, жұмысты жаңаша бағалауға мүмкіндік берді».

Электронды каталогты құру бойынша атқарылатын жұмыс обыс кітапханаларын автоматтандырудың келесі негізгі аспектісі болып табылады. ОКЖ ЭК құру бойынша жұмыс Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімі барлық филиалдарда АБИС НБ МГУ«Библиотека 4.02» орнатқан кезде басталған еді.

2004 жылдан бастап ОКЖ «РАБИС» (республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) АРМ «Каталогизатор», «Поиск и заказ» сатып ала бастаған. Жаңа автоматтандырылған жүйеге ауысу өз артынан, ең алдымен «Библиотека 4.02» бағдарламасында істелген ДБ конверсиялауымен байланысты көптеген мәселелерді тартты. Конверсиялауда ақпарат бірде жойылса, бірде сақталды, алынған деректер мәнді, маңызды редакцияны талап етті. РАБИС бағдарламасын пайдалану бойынша Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің аға кеңесшісі Қайрат Рақым РАБИС жұмыс істеуін әрдайым қадағалап, қолдап, қателіктерді жойып, барлық АРМ жөндеп, түзеді. 2006 жылы Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК РАБИС Windows XP жаңа нұсқасына ауысқан соң, Қ.Рақым электронды каталогтың деректер базасын конверсиялап, РАБИС үшін «Поиск и заказ» нұсқасын және толық мәтіндердің көшірмесін жасады.

АБИС 18 ОКЖ (14 ОКЖ – РАБИС, ал 4 ОКЖ – басқа бағдарламалар) орнатылған. Облыс ОКЖ «Книги», «Статьи», «Краеведение», «Периодика», «Профессионал» және т.б. каталогтар құрастырылған. Электронды каталогтар көлемі 2012 жылдың басына 804431 библиографиялық жазбаны құрайды, оның ішінде «Книги» ЭК - 321689.

Бүгіндері облыс кітапханалары ЭК деректер базасының автоматты қосалқы көшіру бағдарламасын басшылыққа алады. АБИС, РАБИС бағдарламалық модульдерін қалыптастыру жүйесінің қауіпсіздігімен 14 ОКЖ қамтамасыз етілген. Шахтинск, Балқаш ОКЖ базалар серверге күнделікті көшіріледі, аптасына 1 рет қосалқы компьютерге және тоқсанына 1 рет электронды каталогтардың деректер базасының DVD-дискіге көшірілуі жүзеге асырылады. 12 ОКЖ жазбалардың қосалқы көшірілуі каталогтан FDOS папкасына және алып-салмалы тасымалдаушыларға СД-дискіге, флешкаға жазбалардың экспорт жолымен жүзеге асырылады. 2012 жылы Қ.Рақымның ұсынысы бойынша барлық ОКЖ қазақ тілінің драйверін Windows7 орнатты.

Осымен қатар АРМ «Каталогизатор», «Поиск и заказ» пайдаланып келген 7 жыл ішінде әлі де техникалық аяқталмауы күні бүгінге дейін ОКЖ үшін өзектілігін жоймаған мәселе. АРМ «Каталогизатор», «Поиск и заказ» жиі-жиі жаңылулар болып тұрады. Сұрақтар көп, ал жауаптар жұмыс процесінде кейде туындаса, кейде туындамайды да. Соныдықтан да, жағдайды өзгерту өте қиын, кейде мүмкін емес. Бұл мәселелердің барлығы барлық негізгі кітапханалық процестерді алдағы уақытта ақпараттандыру бойынша тоқтатады. Кітапханаларды дамыту бөлімінде әдістемелік және тәжірибелік көмек беру мақсатында ОКЖ түсетін барлық сұрақтар жүйеленетін РАБИС пайдалану бойынша проблемалар банкі қалыптасады. Жинақталу шамасы бойынша сұрақтар талданып, зерттеледі, содан соң келімдер бағанасы құрастырылып, жеке және топтық тәжірибелік сабақтар жүргізіледі.

РАБИС негізінде ОКЖ автоматтандыру жағдайының талдауы жыл сайынғы кездесулерді: семинарлар, талқылау, тәжірибелік сабақтарды талқылау арқылы жүзеге асады. Көбіне мәселелерді өздігінен шешу мүмкін емес, сондықтан ОКЖ қызметкерлері РАБИС бағдарламасын жасаушылардан, атап айтқанда А.К.Сұлтанаевтан көмек сұрайды, телефон арқылы кеңес алады. А.К.Сұлтанаев кейінгі жылдары Балқаш, Шахтинск, Саран, Сәтпаев ОКЖ және т.б. болып қайтты. Бірақ бұл кітапханаларда, болмаса басқа кітапханаларда бір мәрте болып қайту жағымды әсер бермейді. Алға басу үшін кездесулер, кеңестер, талқылаулар қажет. Облыс кітапханашыларын қызықтыратын басты сұрақ – РАБИС дамыту келешегі бар ма, әлде басқа бағдарлама сатып алу керек пе?

Кітапханалардың жұмыс істеуі мен өзара қарым-қатынасы тораптық байланыстың ең маңызды, әрі перспективті технологиясы Интернетке қол жеткізусіз іске аспайды. Біздің облысымызда 175 кітапхана (52%), оның ішінде ауылда 95 кітапхана Интернетке қосылған. 22 кітапханада Интернет WLL CDMA технологиясы бойынша, ал 85 кітапханада ADSL - технологиясы бойынша, 68 кітапханада – коммутациялы. Интернетті пайдаланушылар саны жыл сайын арта түсуде, бүгін – 34991 мыңды құрайды.

 

Осымен қатар, облыс кітапханаларының 48% Интернетке қосылмаған, ал 80 ауылдық кітапханада техникалық мүмкіндіктің жоқтығы салдарынан Интернетке қол жеткізе алмай отыр. 68 ауылдық кітапханада қол жеткізу жылдамдығы 10-30 Кбит/с. коммутациялы қол жеткізу басым, Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі, бұл дегеніміз, нақтырақ айтқанда, желіге қол жеткізу мүмкіндігі жоқ деген сөз. 30% ауыл кітапханашыларының компьютерлік сауаттылығы төмен. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан, тұрғындардың түрлі әлеуметтік топтары ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда теңсіз мүмкіндіктерге ие.

Интернетті қаржыландыру жыл сайын (2011 жылы - 13 млн. 652 мың 400 теңге) арта түсуде, дегенмен бұл қаржы жеткіліксіз. Кітапханаларда өзі арзан, сенімді, әрі желіге жылдам қол жеткізу болғаны аса маңызды. Егер кітапханаларды цифрлық теңсіздікті қысқартудың қол жеткізу нүктесі деп санасақ, кітапханаларға қолдау көрсету қажет. Ауылдық кітапханалардың Интернет желісіне қосылуы аса маңызды.

Кітапханалар өздерінің кадрлық және техникалық ресурстарын пайдаланып, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жедел арттыра алатын Интернет-қызметтер бүгіндері тек ғылыми сыйымды ғана емес, бәсекеге қабілетті бағыт болып та табылады.

Облыстағы қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру шешуді талап ететін бүгінгі күннің негізгі тапсырмаларының бірі. Кітапхана басшыларының қатынастық ортаны дамытуға назар аударғаны жөн, бұл деген WiFi кең пайдалануға бағытталған Интернет желісіне сымсыз қосылыс.

Осының барлығы кітапханаларға сапалы қызметті дамытуға, тұрғындар үшін қазіргі заманғы ресурстарды, оның ішінде толықмәтінді деректер базасын пайдалану арқылы, ақпарат пен технологияның қол жетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс. Сондықтан да, кітапханашылардың алдында ақпаратты сақтаумен қатар, Интернет-ресурстарды жүйелеу тапсырмасы да тұр.

Қазіргі заманғы ақпараттық ресурстардың маңызды түрінің бірі веб-сайттар. Жылдық есептердің мәліметтеріне сай облысымыздағы веб-сайттар саны – 26, оның ішінде ОКЖ – 20.

ОКЖ 10 сайты тіркелген домен атына ие және ақылы хостинг жүйесінде орналасқан. 10 сайт тегін хостингте www.narod.ru және www.ucoz.ru 4 ОКЖ сайты жоқ.

Барлық ОКЖ веб-аналитика үшін сайттың келімін сыртқы тәуелсіз өлшеуге арналған есептеуіш-сервисті қолданады (Google Analytics).

2011 жылы келімдер саны 206492 дейін артқан, ол 2010 жылға қарағанда 69871. Бет саны 1603 дейін артқан, ол 2010 жылғы көрсеткішке қарағанда 46.

ОКЖ кітапханаларының сайттарын талдай келе, басым бөлігінің әдеттегідей қателіктерге ие екендігін байқадық: кітапхана координаттары мен байланыс ақпаратын кейде көрсетпейді; мәліметтер құрылымдалмаған: көбіне мазмұны кітапхананы пайдаланушыларға бағытталмайды; сайттағы ақпараттың (жаңалық) мерзімі өтіп кеткен, жарты жыл бұрынғы, көптеген сайттар жаңармайды деуге болады; жақсы кітапханалық, білім берулік ресурстарға, ата-аналарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге және т.б. топтарға арналған, анықтамалық ресурстарға, аннотациялық онлайн-ресурстарға сілтемелер аз берілген. Ең бастысы пайдаланушыға толық қызмет көрсету функцияларымен кітапханалардың жалпы қолжетімді электронды каталогы жоқ. Осыдан өзге интерактивті Интернеттің пайда болуына байланысты облысымыздағы сайт құруға түбегейлі өзгерістер енгізілуде. Web 2.0. сервистері мен қызметтері кітапханаға келуі азайып бара жатқан кітапхананы пайдаланушылар арасында кең танымал. Web 2.0. кітапханалық-ақпараттық технологияларды дамытуға арналған жаңа жағдайларды құрастыруда.

Әрине, қаржыландырусыз, техникалық жасаушысыз, қызметкерлерсіз кітапхана сайттарының құрылуы мен сапалы контентіне (мазмұны, толықтырылуы) қол жеткізу мүмкін емес. Тәжірибе көрсеткендей, бұл үшін веб-технология саласында арнайы білімге ие жоғары білікті мамандар қажет. Өкінішке орай, бұл салада мамандарды дайындау технологияның даму қарқынынан артта келеді.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы облыс кітапханаларының дамуының негізгі басымдықтарын анықтауға мүмкіндік береді:

Жаңа АБИС сатып алу қажеттігі;Электронды каталогқа, электронды құжаттарға қол жеткізуді, виртуалды анықтамалық қызметті ұйымдастыруды енгізетін, сапалы контентті кітапханалық веб-сайттарды дамыту;Стратегиялық маркетингті дамыту – пайдаланушылар қызығушылығын зерттеу, ресурстар;Желідегі жұмыс стратегиясын, виртуалды сервистерді, Интернет-ресурстарды, Web 2.0. дамыту;облыстың орталық қалалық және аудандық кітапханаларының Бірыңғай компьютер желісін құруға әсер ететін, деректердің бірыңғай форматын пайдалануда негізгі кітапхана процестерін кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ететін, бірыңғай біріктірілген ақпараттық жүйе құру;«Облыс кітапханалары» веб-порталын құру;

Ол үшін алдағы уақытта кітапхананы автоматтандыруды дамыту жолында жаңа тұжырымдылық шешімдер қажет. Ең алдымен, мемлекеттік қолдау, жергілікті билік құрылымдарының қолдауы қажет; лауазымы мен еңбек ақысы сәйкес толыққұнды автоматтандыру бөлімдерін құру керек, оларсыз  ақпараттық технологияларды енгізу қиындық тудырады. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу барлық деңгейдегі кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін едәуір арттыруды, кітапхана қызметкерлерінің ойлауы мен кітапхана басшыларының басқару шешімдерін дер уақытында қабылдауды талап ететінін айтып өткен жөн.

 

 

Тимершина Фаина Харисовна,
кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі

(аударған Р.О.Бұланбекова, 
кітапханаларды дамыту бөлімінің
инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі)