Бүгінгі таңда кітапханаға тек қана тегін ақпарат алу үшін ғана келмей, достарымен кездесуге, мәдениет пен өнердің үздік үлгілерімен танысуға мүмкіндік беретін бірден-бір мәдени мекеме болып отыр жәнеонда бос уақытты тимді, қызықты, пайдалы өткізуге барлық мүмкіндіктер жасалған.

Сіздердің назарларыңызға Қарағанды облысы кітапханаларының бос уақытты тиімді өткізу мәдени шаралырынұйымдастыру жұмысына шолу ұсынамыз

Тұрғындар арасында әлеуметтік-мәдени жұмыстарды, бос уақытты ұйымдастыру облыс кітапханаларының қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Кітапханалар жұмысының тәжірибесі көрсеткендей, кітапхана жанынан құрылған қызығушылық бойынша клубтар мен үйірмелер қала, аудан, ауыл тұрғындары үшін қарым қатынас жасаудың және бос уақытты өткізудің ең қолайлы және танымал орындары болып отыр.

Қала мен аудандарда орналасқан мәдениет үйлері мен кітапханаларда әр түрлі бағыттағы үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды. Бұл аталған мекемелер жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

2009 ж. облыстың құжаттар қорын толықтыруға  94 миллион 245 мың 800 теңге бөлініп, жұмсалды. 56 миллион 895 мың 400 теңгеге кітаптар мен басылымның басқадай түрлері сатып алынды. 37 миллион 350 мың 400 теңге қаржыға мерзімді басылымдарға жазылды.

Тұтас алғанда облыс кітапханаларының және атап айтқанда, ОКЖ қорын толықтыруға 2008 ж. салыстырғанда аз қаражат бөлінді (2008 жылы - 116 514 200 теңге). Орталықтандырылған кітапханалар жүйелері 80 миллион 291 мың 800 теңгені игерді (2008 жылы – 104 332 700 теңге ). ОКЖ ішінде №1 қосымшаны қараңыз.

Қаржыландырудың азаюы, ең алдымен, жаңа кітаптарды сатып алуда байқалды. Облыс бойынша жаңа кітаптарды сатып алатын қаражат 22 268 400 теңгеге азайды (2008 жылы – 80 421 200 теңге, 2009 жылы – 56 895 400 теңге). Теміртау кітапханаларына жаңа кітаптарды сатып алуға қаражат бөлінбеген.

Толығырақ...

Бүгіндері кітапхана қорының сақталуы мен қауіпсіздігін жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз елестету мүмкін емес. Кітапхана құжаттарын цифрлау перспективті бағыттардың біріне жатады.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК облыс кітапханашылары үшін құжаттарды цифрлау, оларды электронды құжатқа байлау, СД құрастыру сұрақтары бойынша әдістемелік сипаттағы іс-шаралар қатары өтті. 2007ж. «Кәсіби оқу мектебі» аясында «Жобаны жүзеге асыру: шексіз өлкетану» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Облыс библиографтары құжаттарды цифрлауды, оларды электронды каталогқа байлауды, библиографиялық жазбалардың экспорт-импортын жүзеге асыруды үйренді. «Облыстың әдістемелік қызметі: жаңару стратегиясы» семинарына ОКЖ әдіскерлерінің басым бөлігі қатысып, «Құжаттарды цифрлау: жағдайы, проблемалар, перспективалар» сұрағын жан-жақты қарастырды. 2008 жылы «Жазғы Интернет-Университет» аясында «Microsoft Office Publisher» бағдарламасында СД құрастыру бойынша тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс кітапханаларына іс-сапармен барған кезде тәжірибелік ұсыныстар беріліп, оқытулық сабақтар жүргізіліп келеді.

Толығырақ...

Облыс кітапханаларын басқару жүйесіндегі әдістемелік жұмысқа шолу. Облыс кітапханаларының барлығы уақытында жылдық есептерін Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөліміне тапсырған болатын. Кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлерімен әр ОКЖ жылдық жұмысы жан-жақты талданып, қорытындыланды.

Облыс кітапханаларының 2009 жылы атқарған жұмыстарына талдау кітапханалық қызметтің барлық бағыттары бойынша жасалды. Сіздердің назарларыңызға қазақ тілінде жазылған ОКЖ есептері бойынша қорытынды талдау ұсынылып отыр. Талдау жұмысының негізгі мақсаты – облыс кітапханаларындағы атқарылған жұмыстардың жағымды жақтарын анықтаумен қатар, сын көзбен сараптау жасау. Сын көзқарас дұрыс түсіне білген адам үшін жұмысының кемшіліктерін анықтауға және болашақта жұмыс бағдарын дұрыс ұйымдастыруға көмек береді деген сенімдеміз. Сонымен қатар бұл талдау облыс кітапханаларының өзара бір-бірінің жұмыстарымен танысу үшін де маңызды болады деген ойдамыз, жұмыс бабында қажетті ақпаратты, жұмысты ұйымдастырудағы жаңа түрлерді батыл пайдалануға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Толық мәтін