Ұлытау ОКЖ ауылдық кітапханалары туралы анықтама

21.08.2012ж - 23.08.2012ж.

Қарағанды облысының ауылдық кітапханаларының облыстық байқауы аясында Қарағанды облысының мәдениет басқармасының бас маманы А.С.Шаймұханбетова мен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК «Кітапханаларды дамыту бөлімінің» меңгерушісі Ф.Х.Тимершина Ұлытау ОКЖ болып қайтты. Ұлытау ОКЖ 10 құрылымдық бөлімшелері қаралды: ОАК, Сарысу, Борсеңгір, Сарысу, Мибұлақ, Қарсақбай, Қаракеңгір, Аманкелді, Байқоңыр, Пионер ауылдық кітапханалары және Жезді қалашық кітапханасы, оның ішінде 3 үлгілі кітапханалар - Аманкелді, Жезді, ОК.

Аудан бойынша кітапхана торабы 17 кітапхананы құрайды, оның ішінде 4 үлгілі кітапхана бар (Жезді, Аманкелді, Алғабас, ОК).

Соңғы 8 жыл ішінде аудандық бюджеттен бір де бір үлгілі кітапхана ашылмаған. Осы уақытта Бұқаржырау ауданында 22 үлгілі (жүйеде 40 кітапхана) бар. Абай ауданында – 12 (жүйе - 13), Шет ауданында 9 (жүйе - 30 кітапхана). Нұра ауданында –9 (жүйе - 35), Қарқаралы ауданында -11 (жүйе - 45) және Жаңаарқа ауданында - 9 (жүйе - 24). В Ақтоғай ауданында - 5 (жүйеде 19 кітапхана). Осакаров ауданында -7 (жүйе – 34). толық мәтін

Ақтоғай ауданының ауылдық кітапханалары туралы анықтама

14-16 мамыр 2012ж.

Қарағанды облысының ауылдық кітапханаларының облыстық байқауы аясында Н.В.Гогольатындағы ОƏҒК директоры Д.Б.Аманжолова мен кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ф.Х.Тимершина 7 кітапханада іс-сапармен болып қайтты.

Ақтоғай ауданының аймағында 18502 мың адам тұрады, 19 мемлекеттік кітапхана бар, оның ішінде – ауылдық – 17, аудандық – 2. Үлгілі кітапхана статусына 5 кітапхана ие. Барлық кітапханалар бейімделген ғимаратта орналасқан. Əкімшілік ғимаратында– 13,мəдениет үйінде немесе клубта- 4, басқа орналасу– 2.

01.01.2012 ж. Ақтоғай ауданының кітап қоры 296581 дананы құрайды, мемлекеттік тілде-136393 дана. Электрондық басылымдар қоры– 225. 2011жылы кітап қорын толықтыруға 3497 бөлінді, оның ішінде кітаптарға - 1772,9 жəне мерзімді басылымдарға жазылуға - 1724,2. Жаңа əдебиеттердің түсімі бюджеттік қаржыландыру аясында, облыстық мəдениет басқармасынан мемлекеттік тапсырыспен, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОƏҒК жүзеге асырылады.

2011ж. кітапханаға келушілердің əрқайсысы орташа алғанда 76547,43 қаржыландырылды, бұл 2010ж. (72547,29) қарағанда 4000 теңгеге артық. толық мәтін